16.11.2015, 12:14 4358

Алматы облысында балмұздақ дайындайтын цех өртенді

2015 жылдыӊ 15 қарашасында сағат 01:41-де Іле ауданындағы Өтеген батыр кентініӊ №3 өрт сөндіру бөліміне "Шин-лайн" ЖШС-ніӊ иелегіндегі балмұздақ дайындау цехыныӊ өртенгені туралы ақпарат келіп түсті

Алматы. 16 қараша. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 15 қарашасында сағат 01:41-де Іле ауданындағы Өтеген батыр кентініӊ №3 өрт сөндіру бөліміне "Шин-лайн" ЖШС-ніӊ иелегіндегі балмұздақ дайындау цехыныӊ өртенгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТК баспасөз қызметінен хабарлады.

Сағат 01:42-де өрт шығу орнына Өтеген батыр кентіндені өрт сөндіру бөлімініӊ екі техникаға мінген бес қызметкерінен тұратын кезекшілік қарауылы шықты. Сағат 01:50-де шақыру орнына келгенде, қойманыӊ өртенгені анықталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнына Алматы облысыныӊ жақын тұрған аудандары мен Алматы қаласыныӊ өрт сөндіру бөлімдері жіберілді.

Өрт сөндірушілердіӊ жедел іс-әрекеттерініӊ арқасында жалын сағат 04:18-де ауыздықталып, 06:15-те сөндірілді. Тілсіз жау 6875 шаршы метр аумаққа тараған. Өрттіӊ таралып кетуіне кеш берілген хабарлама себеп болғанын атап өту керек.

Өрт сөндіру кезінде, құтқарушылардыӊ білікті әрі кәсіби іс-әрекеттерініӊ арқасында 10 автомобиль мен тоӊазытқыш жабдықтардыӊ жанып кетуіне жол берілген жоқ.

Жалынмен күреске ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитеті бөлімшелерініӊ 42 адамы мен 12 техника жұмылдырылған.

Өрттіӊ шығу себебі анықталып жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны