07.09.2017, 14:55 4454

Алматы облысында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын 49 000 бүлдіршін аттады

Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар Еркін ауылындағы №11 орта мектеп оқушылары мен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжініӊ студенттерін Білім күнімен құттықтады

Талдықорған. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар Еркін ауылындағы №11 орта мектеп оқушылары мен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжініӊ студенттерін Білім күнімен құттықтады.

Облыс әкімініӊ орынбасары Ж.Омар оқушыларды құттықтауында:

- Қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерді шын жүректен Білім күнімен және жаӊа оқу жылыныӊ басталуымен құттықтаймын. Мемлекет қолдауыныӊ арқасында тек биылғы жылдыӊ өзінде облысымыз бойынша 35 жаӊа мектеп пайдалануға берілмек. Ал олардыӊ 24-і осы күні аудан-қалаларымызда алғашқы оқушыларына өз есіктерін ашты. Биылғы жылы алғаш рет мектеп табалдырығын 49 000 бүлдіршінніӊ аттағаны да баршамыз үшін айтулы жаӊалық. Баршаӊызға бар жақсылық пен сәттілік тілеймін, - деп сөзін түйіндеді.

Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін Жақсылық Омар мектептіӊ ішкі құрылымымен танысып, асханасы мен акт залын аралап шықты. Еркіндегі бұл мектеп өткен жылы күрделі жөндеуден өткен болатын.

Осыдан кейін өӊір басшысыныӊ орынбасары Талдықорғандағы гуманитарлық-техникалық колледж студенттерін оқу жылыныӊ басталуымен құттықтап қайтты.

Естеріӊізге салар болсақ, Білім күніне орай облыстыӊ халқы тығыз орналасқан Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар, Еӊбекшіқазақ, Панфилов және Райымбек аудандарында жалпы саны 24 жаӊа мектеп пайдалануға берілді. Олардыӊ екеуі Жамбыл және Қарасай аудандарында, қалған 22-сі дәл осы күні ашылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылы Алматы облысыныӊ білім беру саласыныӊ бюджеті 153,7 млрд. теӊгені құрады. Оныӊ ішінде білім беру нысандарыныӊ құрылысына 27 млрд. теӊгеден астам қаражат қарастырылған. Өӊірде 48 білім беру нысаныныӊ құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соӊына дейін 44 мектептіӊ 35-і пайдалануға беріледі. Білім күнінде 24 жаӊа мектеп өзініӊ алғашқы оқушыларына есігін ашпақ. Осы мектептердіӊ 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар, биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны