Алматы облысында биыл тұрғын үймен біріктірілген 111 учаскелік полиция пункті салынады
Талдықорған. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында тұрғын үймен біріктірілген 66 учаскелік полиция пункттерініӊ құрылысы аяқталды. Ал 2018 жылы осындай тағы 111 нысансалынады. Бұл туралы бүгін облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Л. Тұрлашовтыӊ төрағалығымен өткен облыстық ІІД-ніӊ 2017 жылғы жедел-қызметтік жұмысыныӊ қорытындылары бойынша кеӊейтілген жедел кеӊес барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.
Кеӊесте облыстағы ішкі істер органдарыныӊ 2017 жылғы жұмысыныӊ қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры М. Ұрұмханов баяндама жасады.
Баяндамашыныӊ айтуынша, облыстағы құқықтық тәртіп тұрақты бақылауда. Өткен жылы қылмыс жасау он мыӊ адамға шаққанда 137-ден 126-ға, жалпы саны 6,8 % төмендеген. Қылмыстыӊ ашылу көрсеткіші артқан, соныӊ ішінде ауыр қылмыстарды ашу 63,0 %-тен 65,8%, аса ауыр қылмыс - 92,2-ден 94,7%, тонау 61,5-тен 67,6%, бөтенніӊ мүлкін ұрлау - 33,7-ден 37,8%-ке өскен. Ведомстволық бағдарлама шеӊберінде 13 жедел алдын алу шаралары, атап айтқанда "Мал ұрлығы", "Пәтер", "Ұялы телефон"сияқты көптеген алдын алу шаралары ұйымдастырылған. Мәлихаттыӊ шешімімен "Малшы-мал иесі-жергілікті атқарушы орган" принципімен үш жақты келісім жасау мен мал жаю ережелерініӊ жобалары бекітілді. Бұл өз кезегінде мал ұрлығыныӊ алдын алуға септесетін болады.
Сонымен қатар М. Ұрұмханов ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасымен байланысты қылмыспен, экстремизммен күрес, ІІД органдарыныӊ материалдық-техникалық базасын нығайту шараларына да кеӊінен тоқталып өтті.
Осы жиында облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметініӊ бастығы, полиция полковнигі М. Күштібаев, Алакөл аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі А. Ибдірахманов, Еӊбекшіқазақ аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі А. Жүнісов баяндама жасады. Басқосуда сөз алған облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасыныӊ биылғы Жолдауында азаматтардыӊ конституциялық құқықтарын сақтауға, оныӊ үстемдігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметін гуманизациялау мақсатында бейнебақылаудыӊ интеллектуалдық жүйесін енгізуге ерекше көӊіл бөлінгенін атап өтті. Соған сәйкес облыс аумағында сыртқы бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары одан әрі де жалғастырылатынын айтты. Мәселен, Ішкі істер органдарына жұмыс сапасын жоғарылату үшін 2017 жылы 11,9 млрд. теӊге бөлінсе, оныӊ 3,2 млрд.теӊгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталды.Талдықорған қаласында Кинологиялық қызмет орталығы құрылып, жабдықталды. Ішкі істер саласына басқа да қолдау шаралары тұрақты көрсетіліп келеді.
- Көрсетіліп отырған қолдау бұдан былай да жалғаса бермек. Соған сәйкес сіздер өз тараптарыӊызданқылмысты азайту, алдын алу жұмыстарын жүргізу сапасын және қылмыстардыӊ ашылу деӊгейін жоғарылату бойынша шаралар қабылдаӊыздар.Қоғамда "мүлде төзбеушілік" қағидатын қалыптастыруға қатысты түсіндіру және алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуі тиіс. Жол-көлік оқиғаларыныӊ деӊгейін төмендетуге бағытталған жұмыстар жалғастырылып, жол қозғалысына қатысушылардыӊ қауіпсіздігіне жағдай жасау үшін нақты шаралар қабылдансын. Бұл орайда мамандардыӊ сапалық құрамына, кәсібилігіне ерекше мән беруді сұраймын, - деді, - Л. Тұрлашов.
Жиын соӊында жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған аудандық ІІБ, үздік учаскелік полиция, үздік тергеуші және басқа да қатардағы полиция қызметкерлері облыс әкімініӊ, ҚР Ішкі істер министрлігініӊ, облыстық ІІД -ніӊ құрмет грамоталарымен, облыс әкімініӊ алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ облыс әкімі А. Баталовтыӊ атына ҚР Ішкі істер министрлігініӊ Құрмет грамотасы берілді.
Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.