11.10.2018, 14:16 5709

Алматы облысында бюджет қызметкерлеріне "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаныӊ жартысы субсидияланады

Ол үшін тұрғын үй сертификаты түрінде қайтарымды негізде ұзақ мерзімге процентсіз несие беріледі. Бұл іске біз 2 млрд. теӊге бағыттаймыз. Шамамен 500 мыӊ шаршы метр болатын қолжетімді тұрғын үй салынады.

Талдықорған. 11 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімдігі Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен ипотекалық несиелеудіӊ ел бойынша 1 маусымнан бастап орындала бастаған "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасын өӊірде ілгерілетуге қатысты нақты шаралар қабылдауда. Ипотекалық заем алушыныӊ шығыныныӊ бір бөлігін өзіне ала отырып, облыстағы бюджеттік қызметкерлер үшін алғашқы жарнаныӊ жартысын субсидиялап, өсімсіз несие беру туралы шешім қабылданды. Осыған орай бүгін облыс әкімі Амандық Баталов пен "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков бірлескен меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

- Тұрғын үй кезегінде тұрғандар саныныӊ көптігіне қарамастан, "7-20-25" бағдарламасы біздіӊ өӊірде белсенді жүргізіліп жатқан жоқ. Республика бойынша бағдарламаға қатысушылардыӊ Алматы облысындағы үлесі небары 2%. Аудан, қала әкімдерініӊ бұл бағыттағы жұмсысы нашар, халық арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деӊгейде жүргізілмейді. Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру ісіне жаппай жедел кірісуіміз керек. Сондықтан облыстағы бюджеттік салада жұмыс істейтін азаматтарымызға, соныӊ ішінде мұғалімдерге, дәрігерлерге қолдау ретінде алғашқы жарнаны субсидиялау туралы шешім қабылдадық, яғни 20%-тіӊ 10%-ін біз өзімізге аламыз. Ол үшін тұрғын үй сертификаты түрінде қайтарымды негізде ұзақ мерзімге процентсіз несие беріледі. Бұл іске біз 2 млрд. теӊге бағыттаймыз. Шамамен 500 мыӊ шаршы метр болатын қолжетімді тұрғын үй салынады. Осы мақсатта республикада үшінші болып біз Алматы облысында несиелік тұрғын үй құрылысын салуға бірлесе жұмылу үшін бүгін "Баспана" ипотекалық ұйымымен меморандумға қол қойып отырмыз, - деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов.

Мұнан соӊ сөз алған "Баспана" ипотекалық ұйымы АҚ басқарма төрағасы Қ. Алтынбеков тұрғын үй бағдарламасыныӊ қалай орындалып жатқаны туралы әӊгімеледі.

- Мемлекет басшысыныӊ "7-20-25" бағдарламасына қатысты бірінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру шеӊберінде 40 млрд. теӊгеден астам сомаға өтінім қабылданған. Олардыӊ ішінде банк 28 млрд. теӊгеден астам соманы беруді мақұлдады. Соныӊ ішінде Алматы облысы бойынша банктер 640 млн. теӊгелік 53 өтінімді мақұлдады. Қазіргі кезде бағдарламаға 7 банк қатысуда. Олардыӊ көшбасында "Банк ЦентрКредит" АҚ тұр, бүгінгі күні бағдарламаны жүзеге асыруға "Халық банкі" белсене кірісуде, - дедіҚ.Алтынбеков.

"Баспана" ИҰ" АҚ өкілініӊ айтуынша, егер тұрғын үй құны 10 млн. теӊгеден аспаса, онда ипотекалық несие оныӊ 8 млн. теӊгесін құрайды,алғашқы жарна ретінде клиент миллион теӊге құяды, ал Алматы облысыныӊ әкімдігі тағы миллион теӊге қосатын болады. Нәтижесінде ай сайынғы төлем ипотека бойынша 56 мыӊ теӊгеден аспайды. Өӊірде қазіргі кезде "Қамқор баспана" жобасы шеӊберінде әкімдік қолдауына бюджеттік сала қызметкерлері талаптана алады.

Алматы облысыныӊ әкімдігі мен "Баспана" ИҰ" АҚ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы аталған міндеттерді айқындай түсті.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов бағдарламаға қатысушыларды тарту жұмыстарын өӊірде апта сайын қорытындылап отыруды, қараша айында белгілі деӊгейде нақты жұмыстыӊ нәтижесі көрінуі керектігін ескертті. Сонымен қатар облыстағы аудан, қала әкімдеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуді тапсырды.

- Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев өз Жолдауында әкімдердіӊ жұмысын "7-20-25" бағдарламасыныӊ өӊірлердегі орындалу нәтижелеріне қарап бағалайтынын айтты. Сондықтан аудан, қала әкімдері осы бағыттағы жұмысқа білек түре кірісуі керек. Маған аудан, қалалар бойынша тұрғын үй бағдарламасына қатысуға білдірілген өтінімдер мен берілген займдар туралы апта сайын есеп берілетін болсын, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны