03.09.2015, 13:18 4846

Алматы облысында бүгін 14 жаӊа мектептіӊ есігі айқара ашылды

Жаӊа оқу жылына 14 жаӊа мектеп ашылды, оныӊ ішінде 5 мектеп апатты мектептердіӊ орнына ашылды. Енді облыста тек Райымбек ауданындағы бір ғана апатты мектеп қалды

Талдықорған. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында жаӊа оқу жылына 14 жаӊа мектептіӊ есігі айқара ашылды.

Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласына таман орналасқан Еркін селосында 300 орындық жаӊа мектеп пен 100 орындық шағын орталықтыӊ ашылу салтанатына қатысты, - деп мәлім етті Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Елбасыныӊ тапсырмасын орындау шеӊберінде жаӊа оқу жылына 14 жаӊа мектеп ашылды. Олардыӊ ішінде 5 мектеп апатты білім ошақтарыныӊ орнына салынды. Енді облыста тек Райымбек ауданындағы апатты мектеп ғана қалды. Осылайша облыста үш ауысымды және апатты мектептерді жою бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде, - дейді облыс әкімі.

Өӊір басшысы мультимедиялық және лингафон кабинеттерін, мәжіліс залын, бастауыш сыныптар, физика және астрономия, химия және биология, музыка, технология кабинеттерін, асхана, спорт алаӊы мен мектепке дейінгі шағын орталықты аралап көрді.

Биылғы оқу жылында Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ Қайыпов ауылында (300 орындық), Қойман ауылында (180 орындық), Комсомол селосында (450 орындық), Іле ауданыныӊ Тлендиев ауылында (600 орындық), Қарасай ауданыныӊ Көкөзек ауылында (180 орындық) және Жармұхамбет ауылында (120 орындық), Жамбыл ауданыныӊ Еӊбекшіарал ауылында (280 орындық), Көксу ауданыныӊ Кеӊарал ауылында (120 орындық), Панфилов ауданыныӊ Нижний Пиджим селосында (180 орындық), Бесағаш ауылында (600 орындық), Алмерек ауылында (300 орындық), Талғар ауданыныӊ Ақдала ауылында (300 орындық) Қапшағай қаласыныӊ Арна ауылында (300 орындық), сонымен қатар Қарасай ауданыныӊ Жандосов селосында 300 орындық мектептер өз есіктерін алғашқы оқушыларына айқара ашты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны