30.06.2018, 12:37 7467

Алматы облысында денсаулық эстафетасы басталды

Эстафетаныӊ символы ретінде "Денсаулық жалауы" көтеріліп, бұл сапар Қарасай ауданындағы Шамалған ауылынан басталды.

Талдықорған. 30 маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ 20 жылдығын атап өту аясында Алматы облысында "Астана - Ұлы Дала Елордасы" атты денсаулық эстафетасы басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Саламатты өмір салты облыстық орталығы ұйымдастырған бұл шараныӊ мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау арқылы облыс тұрғындарыныӊ өз денсаулығына жауаптылығын арттыру, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Эстафетаныӊ символы ретінде "Денсаулық жалауы" көтеріліп, бұл сапар Қарасай ауданындағы Шамалған ауылынан басталды.

Үш "Денсаулық жалауы" 3 бағыт бойынша жүреді. Бірінші бағыт Жамбыл, Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Қапшағай, Текелі қалаларын қамтыса, екінші бағыт Іле, Балқаш, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына бет түземек. 3-ші "Денсаулық туы" Талғар, Еӊбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Панфилов аудандарында болады деп жоспарланған. Эстафета аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, тұрғындардыӊ дәрігерлерден тегін кеӊес алуына жағдай жасалған "денсаулық қалашықтары" жұмыс істейтін болады.

Сөйтіп, облыстыӊ барлық аудан, қалаларын қамтитын эстафета 4 шілдеде Талдықорған қаласында аяқталмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны