28.02.2011, 17:51 6968

Алматы облысында екі күн ішінде 249 қару-жарақ тәркіленді

Алматы облысында екі күн ішінде 249 қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Талдықорған. 28 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында екі күн ішінде 249 қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қару" жедел-алдын алу шаралары жүргізілген екі күн ішінде 249 қару-жарақ тәркіленді",- деп хабарлады Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Күбейхан Нұрахмет.

Оның айтуынша, заңсыз сақталған 69 қару тәркіленген.

Сондай-ақ, полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, екі күн ішінде 114 бірлік оқ-дәрі тәркіленген. Қаруы бар 7110 адамға тексеру жүргізілген. Осы тексеру нәтижесінде әкімшілік сипаттағы шара қолдану үшін 48 материал сотқа жіберілген. Сондай-ақ, аң аулау ережесін бұзғаны үшін 10 адам ұсталып, олардың қару-жарақтары тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны