12.05.2011, 19:19 3031

Алматы облысында екі жігіт дүңгіршек сатушысын ойыншық тапаншамен қорқытып, дүкенді тонап кеткен

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынща, Алматы облысының Іле ауданында екі жігіт "Рассвет" саяжай қоғамында орналасқан дүңгіршекке қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы. 12 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында екі жігіт дүңгіршек сатушысын ойыншық тапаншамен қорқытып, дүкенді тонап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынща, Алматы облысының Іле ауданында екі жігіт "Рассвет" саяжай қоғамында орналасқан дүңгіршекке қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

2011 жылдың 8-мамыр күні бастарына бетперде киген екі жігіт дүңгіршекке кіріп, сатушыны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 10 мың теңге мен жалпы сомасы 125 мың теңгенің арақ-шарап өнімдерін қолды қылған.

Жедел іздеу шараларын жүргізген полицейлер Іле және Талғар ауданының екі тұрғынын құрықтап, олардан ұрланған тауар мен қылмыс кезінде пайдаланған ойыншық тапаншаны тәркілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны