02.06.2008, 17:33 2840

Алматы облысында энтеровирус 71 күдігімен ауруханаға жатқызылған балалар аптаның соңында шығарылады

Алматы облысында энтеровирус 71 күдігімен ауруханаға жатқызылған балалар аптаның соңында шығарылады

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында энтеровирус 71 жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған балалар аптаның соңында шығарылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Балалар сауығып келеді. Дене қызуы жоқ, жаралар жазылып келеді, тәбеттері ашылды. Аурудың инкубациялық кезеңі 10 күнге созылады, содан кейін балалар дерті жұқпайды", - деп хабарлады агенттікке республикалық СЭС эпидемиолог дәрігері Қасенхан Аяпбергенов.

Республикалық СЭС-тің берген ақпараты бойынша, бір мен алты жас аралығында ауырған балалар саны 16 жетті. Соңғы ауру дерегі 30 мамырда тіркелді. Балалар қандай ауруға тап болғанын дәрігерлер әлі айта алмай отыр. Соңғы сараптама қорытындылары маусымның аяғында белгілі болады. Бүгінгі күні зертхана зерттеулері республикалық СЭС -те және Мәскеудегі әлемдік денсаулық сақтау ұйымының зертханасында жүргізілуде.

"Зертхана қорытындылары алынғаннан кейін ауруханаға жатқызылған балалардың қандай жұқпалы індетке шалдыққанын білетін боламыз. Энтеровирустық жұқпалы індеттің 80 түрі бар", - хабарлады Қ. Аяпбергенов.

Барлық балалар Алакөл ауданындағы елдімекендерінде тұрады. Болжам бойынша, жұқпалы ауру шекаралас жатқан Қытай аудандарынан әкелінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны