28.03.2017, 12:06 5636

Алматы облысында Халықаралық театр күніне орай театр әртістерін марапаттау рәсімі өтті

Мерекелік шара театр тарихы туралы бейнефильм көрсетуден басталды. Фильмде өнер ошағыныӊ 40 жылдағы жүріп өткен жолы, шетелге шыққан сапарлары, байқаулардағы жетістіктері және басқа да ізденістері мен іздері кеӊінен қамтылды

Талдықорған. 28 наурыз. Kazakhstan Today - Халықаралық театр күніне орай Талдықорғандағы Б. Римова атындағы театрда салтанатты шара өтті. Мерекеге орай қаланы Лимузиндермен аралап шыққан театр әртістерін қызыл кілем төсеп облыс әкімі А. Баталов бастаған өнерсүйер қауым күтіп алды.

Мерекелік шара театр тарихы туралы бейнефильм көрсетуден басталды. Фильмде өнер ошағыныӊ 40 жылдағы жүріп өткен жолы, шетелге шыққан сапарлары, байқаулардағы жетістіктері және басқа да ізденістері мен іздері кеӊінен қамтылды. Театрдыӊ қабырғасы қаланғаннан бері тынбай еӊбек етіп келе жатқан әртістердіӊ қатарында Қазақстанныӊ Халық әртісі Алмахан Кенжебекова, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Өмірсерік Қалиев, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткерлері Кендебай Темірбайұлы, Илихан Ыдырышева, "Құрмет" белгісініӊ иегері, театрдыӊ көркемдік жетекшісі Серік Нұрхалық бар.

Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі А. Баталов:

- Театр күні - тек әртістер үшін ғана емес, баршамыз үшін үлкен өнер мерекесі. Киелі шаӊырақ өзініӊ қырық жылдық ғұмыр жолында жеріміздіӊ тарихын, тәуелсіз еліміздіӊ игіліктерін танытып келеді. Бүгін өнер тарландарыныӊ қатары жас толқынмен толыққанын көріп, қуанып отырмыз. Бұл - театрдыӊ өмір сүріп жатқанын, ұрпақтар сабақтастығы дәстүрін жалғастырып келе жатқанын көрсетеді, - дей келе, Талдықорғандағы жаӊадан тұрғызылып жатқан театр ғиматарыныӊ 2018 жылы Халықаралық театр фестивалімен ашылатынын тілге тиек етті.

- Құрметті өнер иелері! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріӊізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық өрлеу, толайым табыс тілеймін! - деп ізгі тілегін білдірген А. Баталов Б. Римова атындағы драма театрыныӊ, Ақсу, Мұқыры, Ақши, Райымбек, Д. Рақышев атындағы халық театрларыныӊ өкілдерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Салтанатты шарада театрдыӊ бір жұмыс күнін айшықтайтын шағын қойылым көрсетілді. Соӊы театр әртістері мен Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздарыныӊ концертіне ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны