29.11.2012, 12:43 3023

Алматы облысында I халықаралық "Жетісу Инвест-2012" инвестициялық форумы өтіп жатыр

Хабарламаға сәйкес, 2012 жылы 29 қарашада Талдықорғанда I халықаралық "Жетісу Инвест-2012" инвестициялық форумы өтеді. Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған шара ҚР Үкіметі, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен "PR Agency Business Promotion" ЖШС қолдауымен өткізіледі.

Талдықорған. 29-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысында I халықаралық "Жетісу Инвест-2012" инвестициялық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, 2012 жылы 29 қарашада Талдықорғанда I халықаралық "Жетісу Инвест-2012" инвестициялық форумы өтеді. Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған шара ҚР Үкіметі, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен "PR Agency Business Promotion" ЖШС қолдауымен өткізіледі.

Оның жұмысына министрліктер, сауда-өнеркәсіп палатасы, салалық комитеттер, ұлттық ходингтер мен компаниялардың өкілдері мен Корея, Түркия, Жапония, Қытай мен өзге мемлекеттердің ірі компаниялары мен дипломатиялық өкілдіктерінің делегаттары, сондай-ақ облыс кәсіпкерлері қатысады.

Форумға қатысушылардың назарына облыста жүзеге асырылып жатқан 32 инвестициялық жобаның көрмесі ұсынылды.

Форумда сөз алған Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов табиғи ресурстарға бай өңірдің бірегейлігін атап өтті. Облыстың инвестициялық әлеуеті жоғары. Бірінші кезекте, оның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық беріліп отыр. Мұнымен қатар индустриалдық аймақтар құрып, оларды дамытудың маңызы айырықша. Ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтіп, өнімді қайта өңдеуді дамыту да негізгі бағыттардың бірі. Туристік саланы табыс көзіне айналдыруға да мүмкіндік мол.

Форумда экономиканың басты салалары - индустрия, энергетика, көлік және логистика, туризм, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар инвестициялық жобалармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

"Жетісу Инвест - 2012" форумының қорытындысы бойынша инвесторлармен 300 млрд. теңгеге келісімдер жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны