23.10.2009, 17:43 3174

Алматы облысында қар ери жауып, ауаның температурасы 5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - Қазгидромет

Алматы облысында қар ери жауып, ауаның температурасы 5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - Қазгидромет

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында қар ери жауып, ауаның температурасы 5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК ескертуіне сәйкес, 24 қазан күні таңертең Алматы облысының Қаратал, Балхаш, Ақсу, Сарқанд, Алакөл аудандарында кей жерлерде қар ери жауып, ауаның температурасы Цельсий өлшемі бойынша 0- 5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге жетіп, температура түнде 0 - минус 5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Күндіз Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге жетеді. Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны