28.10.2009, 18:29 3286

Алматы облысында қар жауып, 13 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде - ТЖМ

Алматы облысында қар жауып, 13 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде - ТЖМ

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында қар жауып, 13 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ескертуіне сәйкес, 29 қазанда Алматы облысында жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады. Ауаның температурасы түнде Цельсий өлшемі бойынша 0 минус 5 градусқа дейін, кей жерлерде 8 градусқа дейін суытады. 30 қазанда түнде минус 3 - 8 градус, кей жерлерде минус 13 градусқа дейін суытады.

Осыған байланысты кр ТЖМ Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына аталған мерзімде абай болуға, мүмкіндігінше, әсіресе түнгі уақыттарда елдімекендерден тысқары шықпауға нұсқау береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны