29.03.2017, 23:14 5022

Алматы облысында "Қарттардыӊ да өнерге бар таласы" атты өнер байқауында 86 жастағы Үмітжан апа биімен тамсандырды

Жамбыл ауданыныӊ тұрғыны 86 жастағы Үмітжан апа Ботбаева қазақтыӊ ұлттық биін нәшіне келтіре билеп, көрермендерді тәнті етті. Үмітжан апа - Жамбыл аудандық ардагерлер ансамблініӊ бишісі.

Талдықорған. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Кеше Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ардагерлер ұйымыныӊ 30 жылдық мерейтойына орай "Қарттардыӊ да өнерге бар таласы" атты өнер байқауыныӊ гала-концерті өтті. Концертке қатысқан ата-апалардыӊ еӊ үлкенініӊ жасы 86-да.

Гала-концерт қариялар тек даналығымен және тәжірибесімен ғана емес, өздерініӊ сан қилы өнерімен де таӊқалдыра алатынын көрсетті. Облыстыӊ түкпір-түкпірінен келген өнерлі ардагерлер ұлттық би билеп, ән салды, фокус көрсетті. Хормен салған әндері, оркестрмен орындалған композиция да әсерлі шықты.

Жамбыл ауданыныӊ тұрғыны 86 жастағы Үмітжан апа Ботбаева қазақтыӊ ұлттық биін нәшіне келтіре билеп, көрермендерді тәнті етті. Үмітжан апа - Жамбыл аудандық ардагерлер ансамблініӊ бишісі.

Ардагерлерді құттықтаған облыс әкімі А. Баталов:

- Құрметті ардагерлер! Сіздердіӊ облыста алғаш рет өткізген концерттеріӊіз өте керемет өтті. Бүгінгі өнерлеріӊіз осы залда отырған әрбір көрерменді таӊқалдырды деп ойлаймын. Исіресе, Үмітжан апаныӊ әдемі биіне тамсанбаған жан жоқ шығар. Жастарыӊыздыӊ ұлғайғанына қарамастан бойларыӊыздағы күш-қуат, өнерге деген сүйіспеншіліктеріӊіз - жастарға үлгі болып қана қоймай, рухани кеш сыйлады. Мұндай концерттерді облыстыӊ әрбір аумағында өткізуге, республикалық және халықаралық гастрольдерге шығуларыӊызға барынша қолдау білдіреміз. Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін! Сіздермен мақтанамыз, алдарыӊызда басымды иемін! - деді.

Гала-концертті Қазақстанныӊ Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов тамашалап, өнерлі қарияларды құттықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны