19.02.2018, 18:26 5240

Алматы облысында кәсіпкер балаларды тегін тамақтандырып келеді

Көксу ауданыныӊ кәсіпкері аудандық Іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Саида Саитова 2012 жылдан бері Н.Алдабергенов атындағы мектепте тұрмысы төмен 35 баланы бір реттік аспен тегін қамтамасыз етіп келеді. Бұл ісін іскер әйел қоғам алдындағы парызы ретінде санайды

Талдықорған. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында кәсіпкер балаларды тегін тамақтандырып келеді.

Игі ісі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға бағытталған.

Көксу ауданыныӊ кәсіпкері аудандық Іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Саида Саитова 2012 жылдан бері Н.Алдабергенов атындағы мектепте тұрмысы төмен 35 баланы бір реттік аспен тегін қамтамасыз етіп келеді. Бұл ісін іскер әйел қоғам алдындағы парызы ретінде санайды.

"Мен алты жылдан бері білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысымен айналысып келемін. Осы уақыттан бері жыл сайын біздіӊ компания аз қамтылған, жетім қалған 30-35 баланы өз қамқорлығына алып, тегін тамақтандырады. Жалпы, бұл бастама басқа да мектептерде жүзеге асырылып жатыр. Бұл игі істі кәсіпкерлер қызу қолдап жатқаны өте қуантарлық", - дейді Саида Саитова.

Ол бизнеспен 2000 жылдан бастап айналысып келеді. Заӊгерлік біліміне қарамастан, кәсіпті сұлулық салонын ашудан бастаған. Кейін сауда ісіне ауысып азық-түлік дүкендерін ашты. Ал біраз уақыттан бері Саида Махмұтқызы жалпы білім беретін мектептерде тамақтандыру ұйымдастыруды қолға алған. Бүгінде кәсіпкердіӊ қоластында 10 адам жұмыс істейді. Осыншама мерзім ішінде іскер әйел әлеуметтік жауапкершілігі туралы ұмыт қалдырған емес.

Өйткені, қайырымдылық пен жауапкершілікке, жаншырлыққа оны балалық шағынан бастап үйреткен.

"Біз үлкен отбасында өстік. Үйде бесеу болатынбыз және сонымен бірге алты немере аға-қарындастарымызбер бірге тәрбиелендік. Икеміз бен анамыз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемдесу міндет екенін айтып отыратын. Бұл жай ғана сөздер емес еді. Олар бізге үнемі жақсылық пен жомарттылықтыӊ нағыз үлгісін көрсететін. Есейе келе өз жанұямды құрған соӊ, ата-анамныӊ айтқан өсиеттерін орындауға тырысып келемін", - деді бизнесханым.

Қазіргі таӊда Саида Саитованыӊ отбасында үш баласы бар. Үлкен қызы Севара құқыққорғау органдарында қызмет етсе, 18 жасар Сұлтан - велоспорт бойынша біріншіліктер жеӊімпазы, ал кіші қызы Нүрия - 7 сынып оқушысы.

""Бала ұясында не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген тегіннен тегін айтылмаған. Біз жұбайыммен бірге балаларымызға махаббат, мейірімділік пен сыйластықты танытуға тәрбиелеп келеміз. Олар нағыз ұлтжанды, отанына адал қызмет етіп, дамуына өз үлестерін қосатын азаматтар болып өссін деп тілейміз", - дейді ол.

Көксу ауданы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеӊесініӊ басшылығында жүріп Саида ханым кәсіпкер әйелдер бірге бірқатар қайырымдылық жобаларын іске асырып келеді.

Жақында іскер әйелдер қауымы шұғыл түрде ортопедиялық аяқ киім қажет болған балаға жәрдемдесті. Көмек сұраған әйелдіӊ айтуынша бұл медициналық аяқ киімді мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін алуға болатына қарамастан, бұл үрдіс ұзақ уақыт пен көптеген құжаттарды талап ететін көрінеді. Сондықтан да кәсіпкерлердіӊ тез арада көрсеткен қаржылай қолдауыныӊ арқасында науқас бала қайтадан жүре бастады.

Сонымен бірге, Іскер әйелдер кеӊесі Жұмыспен қамту бөлімімен серіктесе аудандағы оӊалту орталығына жәрдемдесіп келеді.

"Балаларға ерекше ықылыс пен ниет таныту қажет. Біз бизнесіӊ, қоғамныӊ өкілі ретінде оларды қамқорлыққа алуымыз аса маӊызды. Исіресе, кішкентай балалар Жаӊа жылды асыға күтеді. Жаӊа жыл қарсаӊында олармен кездесіп, сыйлықтар сыйлап тұрамыз. Баланыӊ күлкісі мен қуанышы біз үшін баға жетпес байлық", - дейді Саида Саитова.

Осы жылдыӊ басында іскер әйел Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашы болған "Атамекенім" республикалық акциясы барысында Балпық би ауылындағы Н.Алдабергенов атындағы мектептіӊ оқушылары үшін "ыстық шай" ұйымдастырып, оқушылар алғысына бөленді.

"Өздеріӊіз білетіндей, қаӊтар айыныӊ соӊында күн күрт суытып кетті. Бұл уақытта мектептерде сабақтар алынып тасталынған болатын. Алайда, мектепке ҰБТ-ға дайындалып жүрген жоғары сынып оқушылары келетін. Сол уақытта олар үшін ыстық ас-шай ұйымдастырып бердік. Балалар қуанып қалды", - дейді кәсіпкер.

Бұл Саида Саитованыӊ жасап жүрген ізгі істерініӊ бір парасы ғана. Ол басқа да кәсіпкерлер сынды өзініӊ қайырымдылық жұмыстары жөнінде айтқанды ұнатпайды. Алайда, ол жақсылық жасауды қоғамда әдетке айналдыру керектігін айтады.

Сонымен қатар, кәсіпкер Саида Саитова Көксу ауданындағы ұйғыр халқыныӊ этномәдени орталығын, ата-аналар комитетін басқарып келеді және аудандық Кәсіпкерлер кеӊесініӊ мүшесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны