15.10.2018, 15:14 6642

Алматы облысында Кемел Тоқаев атындағы сквер ашылды

Белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрыныӊ негізін қалаушы, ҰОС ардагері Кемел Тоқаев атындағы жаӊа сквердіӊ ашылу салтанаты Алматы облысы Қаратал ауданыныӊ орталығы Үштөбе қаласында өтті.

Талдықорған. 15 қазан. Kazakhstan Today - Белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрыныӊ негізін қалаушы, ҰОС ардагері Кемел Тоқаев атындағы жаӊа сквердіӊ ашылу салтанаты Алматы облысы Қаратал ауданыныӊ орталығы Үштөбе қаласында өтті. Қаратал ауданыныӊ 90 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл айтулы оқиғамен көпшілікті облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Салтанатты шара сквер ішінде орнатылған Кемел Тоқаев мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Қараталдықтарды қуанышымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Біз қуанышты жайт, айтулы оқиғаға жиналып отырмыз. Бүгін көрнекті жазушы-журналист Кемел Тоқаевқа 95 жыл толуына орай жаӊа сквер ашылды. "Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеӊгерді", деп Ілияс ақын жырлағандай, өӊірімізде топырағында туып-өскен дарынды азаматтардыӊ есімін ардақтау - ортақ парызымыз. Пайдалануға беріліп отырған жаӊа скверкөпшілікті бүгінгі ауданныӊ 90 жылдық мерейтойымен бірге қуантып отыр. 1,4 гектар жерді алып жатқан демалыс орнында балалар алаӊы мен спорт алаӊы да қарастырылған. Сондықтан бұл сквер қараталдықтардыӊ сүйікті демалыс орындарыныӊ біріне айналады деп сенемін, - деді өз құттықтауында.

Мұнан соӊ Қаратал ауданыныӊ Құрметті азаматы Қуандық Ибдікәрімов сөйлеп, өзініӊ адам болып қалыптасуында Кемел Тоқаев кітаптарыныӊ рөлі зор болғанын атап өтті. Ақсақал өз сөзін жазушыға арнау өлеӊімен жеткізді. Ал ҚР Журналистер одағыныӊ мүшесі Мәкен Өсербаева өз кезегінде жаӊа сквердіӊ ашылуы тұрғындар үшін үлкен қуаныш екенін айтты.

Белгілі химик-ғалым, профессор, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты, ҚазСРО ҒА корреспондент-мүшесі, ҚазСРО еӊбек сіӊірген ғылым қызметкері, ҚР ҰҒА академигі Еділ Ерғожин Кемел Тоқаев туралы естеліктерімен сөз бастады. жазушыныӊ айтқан жылы сөздері химия факультетінде оқып жүрген жас білімгердіӊ бойына қанат бірііп, өзіне деген сенімділігін арттырған.Сонымен қатар Еділ Ерғожин облыс басшылығы тарапынан алдыӊғы буын үлкендерге көретіліп отырған қамқорлық кейінгі жастардыӊ тәрбиесі үшін зор үлгі екенін де атап өтті. Қонақтар мен аудан тұрғындары скверді аралап, жаӊа нысанныӊ кесін-келбетін тамашалады.

Атап өтсек, Үштөбе қаласындағы сквердіӊ жалпы алаӊы 1,4 гектар. Жобаныӊ жалпы құны 296 035,0 мыӊ теӊге. Мұнда жапырақты, қылқан жапырақты, декоративті ағаштар мен бұталар отырғызылған, гүлзарлар көз тартады. Скверге саябақтық жиһаздар қойылып, жаяу жүргіншілер жолы төселген, жарық шамдары орнатылған. Спорттық және балалар ойын алаӊдары бар. Сквердіӊ құрылысы биылғы жылдыӊ шілде айында басталып үш ай ішінде аяқталды. Жобалық ұйымы - "Ж. Р. Жанекенов атындағы жобалау институы" болса, мердігер мекеме - "Анкор-2005" ЖШС.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны