29.12.2017, 17:53 7390

Алматы облысында ҚХА-ныӊ жылдық жұмысы қорытындыланып, жаӊа міндеттер жүктелді

Алматы облысында ҚХА-ныӊ жылдық жұмысы қорытындыланып, жаӊа міндеттер жүктелді.Алматы облысында әрбір елді мекенде "Қоғамдық келісім кабинеттерін" ашу ұсынылды.

Талдықорған. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматы облысында ҚХА-ныӊ жылдық жұмысы қорытындыланып, жаӊа міндеттер жүктелді.

Алматы облысында әрбір елді мекенде "Қоғамдық келісім кабинеттерін" ашу ұсынылды. Бұл туралы Талдықорған қаласындағы "Салтанат сарайында" "Бірлік және келісім - рухани жаӊғырудыӊ негізі" тақырыбында өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ кезекті XXIII сессиясында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сессияны облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ төрағасы Амандық Баталов жүргізді. Жиында өӊірлік Ассамблеяныӊ бір жылғы атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы істердіӊ бағыты айқындалды.

Сессия алдында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеӊесі және Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігініӊ ықпалымен Мәскеу қаласынан елімізге жеткізілген ақын Сара Тастанбекқызыныӊ қолдан салынған суреттері, құнды жәдігерлерімен тарихи құжаттарынан көрме ұйымдастырылды.

Кіріспе сөзінде облыс әкімі А. Баталов Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы мен "Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасы" бірқатар жаӊа ауқымды міндеттер жүктеп отырғанына тоқталды. Бұл орайда өӊірдегі этномәдени бірлестіктер мен басқа да қоғамдық ұйымдардыӊ рөлі мен маӊызы зор екенін атап өтті.

Жиында облыстық ҚХА төрағасыныӊ орынбасары Ғабит Тұрсынбай "Қоғамдық сананы жаӊғыртудағы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысыныӊ негізгі бағыттары" деген тақырыпта баяндама жасады.

Ғ. Тұрсынбайдыӊ айтуынша, өӊірдегі белсенді жұмыс істейтін 47 үкіметтік емес ұйым, соныӊ ішінде 17 этномәдени бірлестік "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға тұрақты атсалысып келеді. Барлық аудан, қалалардааталмыш бағдарламаны ілгерілету бойынша тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде облыста 627 қоғамдық келісім кеӊесі, онда 4208адам жұмыс жасайды. Қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар базасы қалыптастырылып, оныӊ құрамына 301 адам кірді. Осы жыл ішінде1 936 қайырымдылық акциялары өткізіліп, 60 мыӊтұрғынға 274 миллион теӊгеден астам сомаға қайырымдылық көрсетілді.

Сол сияқты сессияда ҚР еӊбек сіӊірген мәдениет қызметкері, айтыс ақыны Надежда Лушникова, талдықорғандық "Видергебург" немістер қоғамыныӊ белсендісі Евгений Еременко, ҚХА мүшесі, Еӊбекшіқазақ аудандық қоғамдық келісім кеӊесініӊ мүшесі, облыстық орыс орталығыныӊ өкілі Оксана Бондаренко,облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Рустам Алпысбаев және басқа да азаматтар сөз алды.

Сондай-ақ осы басқосуда облыстық ҚХА төрағасыныӊ Заӊ бойынша екі жыл сайын жаӊадан сайланатын екі қоғамдық орынбасарлары таныстырылды. Олар - Іле аудандық күрд мәдени орталығыныӊ төрайымы Саида Чатуева мен облыстық Ассамблея жанындағы журналистер клубыныӊ жетекшісі Атсалим Идигов.

Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов ел бірлігі мен мемлекеттіӊ дамуына елеулі үлес қосып отырған Ассамблея мен этномәдени бірлестіктерді қолдауды облыс басшылығы бұдан әрі де белсенді түрде жалғастыратынын айта келе, аудан, қала әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

- Жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отырмыз. Бұл орайда этнобірлестіктердіӊ де қосқан үлесі зор. Илеуметтік мәселелерді шешуге, "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысқан бірлестік мүшелерініӊ барлығына да ризашылығымды білдіремін. Осы жұмыстарды біз алдағы жылы да жалғастырып, әрбір ауылда Ассамблеяныӊ, қоғамдық келісім кеӊестерініӊ мүшелері, медиаторлар жұмыс жасайтын "Қоғамдық келісім кабинеттерін" ашуға тиіспіз. Қоғамдық келісім кеӊестеріне тұрғындарды тартудыжәне "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға қоғамдық келісім кеӊестерін қатыстырудыжандандыру қажет.Латын графигіне көшу ісін де жүйелі ұйымдастыруымыз керек, - деді өз сөзінде А. Баталов. Көпшілікті Жаӊа жылымен құттықтаған облыс басшысы сессия соӊындабірқатар азаматтарға марапаттар тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны