29.06.2009, 17:00 2858

Алматы облысында қысқа мерзімді кезеңде үлкен сел болмайды деп болжануда - Қазгидромет

Алматы облысында қысқа мерзімді кезеңде үлкен сел болмайды деп болжануда - Қазгидромет

Алматы. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында қысқа мерзімді кезеңде үлкен сел болмайды деп болжануда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Қазгидромет" РМК гидроболжамдар бөлімінің өкілі Илім Хайдаров хабарлады.

"Тұрғындар әзірге тыныш ұйықтай алады. Үлкен селге дейін әлі көп уақыт бар. Ал әзірге қуатты нөсерлер кезінде ұсақ-түйек селдер тыныштықты одан әрі ала бермек",- деді ол.

Бұдан бұрын, да хабарлағанымыздай, Алматы облысының таулы аудандарында нөсер салдарынан тасқын болуы, кей жерлерде сел жүруі мүмкін. "Қазгидромет" РМК бүгін осы жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Алдағы тәуліктерде, 29 маусымда болатын қатты нөсерге байланысты Алматы облысының таулы аудандарында қатты нөсерге байланысты өзендерде тасқын болады, ал орташа және аласа таулы аймақтарда кей жерлерде сел жүруі мүмкін деп күтілуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны