19.01.2016, 16:57 3935

Алматы облысында көкек ана 7 айлық нәрестесін жалғыз тастап кеткен

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу қызметі бала жылап, көршілердіӊ назарын аудартқанын, сөйтіп, көршілер үй иесін шақыртып, бөлменіӊ есігін сындырып кіріп 7 айлық қызды байқағанын анықтады.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ тұрғыны нәрестесініӊ басын қауіпке тікті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарасай ауданында жергілікті полицияға Іргелі ауылыныӊ тұрғыны пәтерді жалға алып, сол жерде сәбиін тастап кеткен азаматшаны табу жөніндегі өтінішімен барған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу қызметі бала жылап, көршілердіӊ назарын аудартқанын, сөйтіп, көршілер үй иесін шақыртып, бөлменіӊ есігін сындырып кіріп 7 айлық қызды байқағанын анықтады.

"Белгілі болғандай, анасы тастап кеткен қыз 2015 жылдыӊ мамырында дүниеге келген. Жедел-тергеу шаралары кезінде "көкек ана" табылып, ұсталды. Бұл 22 жастағы Іле ауданыныӊ тұрғыны болып шықты" - деді ІІД.

Полицейлер ҚР ҚК 119-бабы бойынша сот алдындағы тергеуді бастап кетті. Күдікті әйелден "келу туралы міндеттеме" алынды.

"Тергеу уақытында сәби перзентханаға орналастырылды" - деді облыстық полицияда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны