13.02.2007, 15:10 3068

Алматы облысында контрафактлы бейнеөнімдерді дайындайтын цех жойылды

АЛМАТЫ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы облысының Ақбұлақ ауылында контрафактлы бейнеөнімдерді дайындайтын цех жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Жаркенттің 28 жастағы тұрғыны қарақшылық өнімді дайындау үшін екі адамды жалдап алған, ал цехты кәдімгі пәтерде құрған. "Ұсталғанның пәтерінен 6 мыңдай DVD -дискілер, баспахана жабдықтары, DVD-ROM орнатылған 3 жүйе блогы, 3 фотосмарт, принтер және сканер табылып, тәркіленді",- деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қолдан жасалынған өнім "Тастақ" және "Алтын Орда" базарларында, біреуін 170 теңгеден көтерме бағаға сатылған.

Санаткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін цехтың иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, жалданған жұмысшылардың айып дәрежесі тергеу барысында белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны