27.02.2014, 19:00 39619

Алматы облысында "Мәңгілік ел" патриоттық акциясы өтті

Облыс басшысының жылы лебізінен кейін Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың орындауындағы "Өз елім" әні жиналған дүйім жұрттың рухын одан әрі асқақтатып, елім деген әрбір азаматтың бойына қан жүгіртті. Аталмыш акция барысында келген қонақтардың да лебізі тыңдалды.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. Талдықорған қаласында "Мәңгілік ел" идеясын қолдау мақсатында жалпыұлттық патриоттық акциясы өтті.

Жетісудың жасампаздары жиналған салтанатты жиында облыс басшысы Аңсар Мұсаханов сөз сөйлеп, ыстық ықыласын жеткізді.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында алғаш рет "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын жариялаған болатын. Бүгінгі акция осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша қолдау көрсету болып табылады. Мәңгілік ел болуға Қазақстанның әлеуеті жеткілікті. Ол үшін индустрия мен инновацияға негізделген экономикамызды нығайтып, әл-ауқатымызды арттырумен қатар рухани қуатымыз зор, біліміміз бәсекеге қабілетті, денсаулығымыз мықты, бірлігіміз бекем болуы керек", - деді А. Мұсаханов.

Облыс басшысының жылы лебізінен кейін Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың орындауындағы "Өз елім" әні жиналған дүйім жұрттың рухын одан әрі асқақтатып, елім деген әрбір азаматтың бойына қан жүгіртті. Аталмыш акция барысында келген қонақтардың да лебізі тыңдалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны