16.07.2018, 14:02 10266

Алматы облысында Мемлекеттік басқару академиясыныӊ филиалы ашылды

Талдықорған. 16 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келіп, Алматы облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалыныӊ ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, "Мемлекеттік қызметті кәсібилендірудіӊ заманауи трендтері: өӊірлік аспект" атты семинар-кеӊесте сөз сөйледі, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Филиал ғимаратыныӊ ашылу салтанатында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Амандық Баталов ғимарат алдына қойылған ескерткіш тақтаға қолтаӊбаларын қалдырды. Мұндағы оқыту кабинеттерін, кітапхана мен басқа да жұмыс бөлмелерін аралап, олардыӊ жабдықталуымен танысқан А. Шпекбаев Академияныӊ Алматы облыстық филиалын республикадағы үздік филиал ретінде атап өтті.

Мұнан соӊ сапар "Мемлекеттік қызметті кәсібилендірудіӊ заманауи трендтері: өӊірлік аспект" атты семинар-кеӊеспен жалғасты. Семинарды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ ректоры Фатима Жақыпова жүргізді. Жиынға республикамыздыӊ өзге облыстарындағы Академия филиалдарыныӊ директорлары арнайы шақырылған.

Басқосуда сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов Алматы облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына қысқаша тоқталып өтті.

- Республика бойынша ауыл шаруашылығындағы Алматы облысыныӊ үлесі 17 % болса, шағын және орта бизнестіӊ түсімі облыс бюджетініӊ 43 %-ін құрап отыр. Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 86 %-ке жетті. Сол сияқты, тұрғын үй құрылысында, мектептер салу, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету және басқа да салаларда ілгерілеушіліктер бар. Өткен жылдыӊ өзінде біз 45 жаӊа мектепті пайдалануға бердік. Мемлекеттіӊ қолдауымен облыс орталығында ашылып отырған академия филиалы - өӊірдіӊ мемлекеттік қызметшілері үшін тамаша мүмкіндік. Алдағы уақытта мұнда білімі мен кәсіби біліктілігін жетілдірген мемлекеттік қызметшілер облыс экономикасын одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін, - деді А. Баталов.

А. Шпекбаев өз сөзінде Президенттіӊ тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет істері саласындағы қолға алынып жатқан заманауи бағыттар туралы баяндады. Соныӊ ішінде сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу және онымен күрес жұмыстарыныӊ нәтижелері, халық алдындағы есептілік, мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру, жалпы саланы цифрландыру туралы мәселелерге кеӊінен тоқталды. Исіресе еӊ алдымен мемлекеттік қызметшілердіӊ өзі электронды үкімет порталы арқылы жұмыс істеп үйренуі керектігін атап айтты. Себебі бұл сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алауға ықпал ететін маӊызды фактордыӊ бірі.

"Цифрландыру ісіне еӊ алдымен жергілікті жерлерде әкімдер мүдделі болуы керек. Бұл орайда Алматы облысыныӊ әкімдігі зор қолдаулар көрсетіп отыр. Соӊғы уақытта Алматы облысында электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіші артқан", - дей келе А. Шпекбаев облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовқа атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.

Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудыӊ өӊірлерде жүзеге асырылу барысы туралы Түркістан облысы бойынша МҚжСЖҚІАД басшысы Или Көмекбаев және Панфилов ауданы әкімініӊ орынбасары Роза Мағрупова айтты.

Семинардан кейін А. Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы облысы бойынша департаментініӊ ғимаратын аралап, департамент ұжымымен кездесті.

Ресми қонақтар қаладағы Көрме кешенінде болып, мұнда Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасыныӊ атқарған жұмысы, облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, "Президенттіӊ 5 әлеуметтік бастамасыныӊ", "Рухани жаӊғыру", "Цифрлы Қазақстан" бағдарламаларыныӊ орындалуы, сол сияқты облыста Трансұлттық компаниялардыӊ қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар таныстырылды. Осы жерде Департамент басшысы С. Нұрғисаев шетелдік ірі 6 компания өкілдерініӊ қатысуымен Алматы облысындағы шетел инвесторларыныӊ жобаларын жемқорлыққа қарсы қолдау келісіміне қол қою қойды. Аталған компаниялар қатарында "Империя Фуд", "Farm Frites Eurasia" ЖШС-лары және т.б. бар.

Көрме кешенініӊ алдында облыс әкімдігініӊ қаржылық қолдауымен сатып алынған мобильді топтарға арналған автокөліктер көрсетілді.

А. Шпекбаев осы күні Салтанат сарайында, Жастарға қызмет көрсету орталығында да болды. Орталықта "Цифрлық болашақ" тақырыбында Балалар көркемөнер мектебініӊ оқушылары салған суреттер көрмесін тамашалап, "Жастар жолы" пікірсайыс клубыныӊ отырысына қатысты. Онда жастар арасында жемқорлыққа нөлдік төзімділік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды.

Жалпы, биылғы жылға Алматы облысыныӊ жергілікті атқарушы органдарыныӊ 1200 мемлекеттік қызметшісін оқытуға жергілікті бюджеттен 105 млн. теӊгеден астам қаражат бөлінді. Филиал "цифрлық Академия" принципімен жұмыс жасайды. Соған сәйкес барлық оқу материалдарын, құжаттарды QR-код арқылы жүктеп алуға болады. Сонымен қатар, Академия филиалыныӊ ашылуы өӊірдегі мемлекеттік қызметшілерге төленетін іссапар шығындарын үнемдеуге мүмкіндік туғызып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны