07.09.2016, 15:41 4099

Алматы облысында "Нұрлы жол" бағдарламасымен салынған 3 мектеп Білім күні пайдалануға берілді

1 қыркүйек - Білім күні Алматы облысында "Нұрлы жол" бағдарламасымен салынған 3 мектеп пайдалануға берілді. Жаӊа мектептер Іле, Еӊбекшіқазақ және Көксу аудандарында ашылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ ресми сайты.

Талдықорған. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - 1 қыркүйек - Білім күні Алматы облысында "Нұрлы жол" бағдарламасымен салынған 3 мектеп пайдалануға берілді. Жаӊа мектептер Іле, Еӊбекшіқазақ және Көксу аудандарында ашылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ ресми сайты.

3 мектептіӊ бірі Іле ауданына қарасты Боралдай кентінде орналасқан. Бұл 600 орындық заманауи үлгідегі жаӊа мектеп ауылдағы үшауысымда оқытуды жоюға мүмкіндік береді. Қуаныш иелерін облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов құттықтады.

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді шын жүректен бүгінгі Білім күнімен құттықтаймын. Бүгінгі күн баршамыз үшін қос қуаныштыӊ үйлескен сәті. Себебі, Сіздер бүгін жаӊа оқу жылын жаӊа мектепте бастағалы отырсыздар. Мемлекет басшысы білім - кемел болашақтыӊ негізі, сол себепті өскелеӊ ұрпақтыӊ жан-жақты білім алып, дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Ирдайым алғыр, оқуларыӊда озат, қашанда жаӊа ойлар мен озық идеялардыӊ бастамашысы болып жүре берулеріӊе тілектеспін, - деп атап өтті Лаззат Тұрлашов.

Осыдан кейін мектептіӊ қызыл лентасы салтанатты түрде қиылып, қонақтар мен шараға қатысушылар ғимарат ішін аралап, оқу кабинеттерін қарап шықты.

Бұл мектептіӊ құрылысына Ұлттық қор мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1623,9 млн. теӊге қаражат жұмсалған.

Бүгін сондай-ақ үшауысымды ескі мектептіӊ орнына бой көтерген 300 орындық жаӊа мектеп Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ Азат ауылында ашылды. Нысанныӊ жалпы құны - 778,1 млн. теӊге. Мектеп Ұлттық қор мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылған.

Тағы бір жаӊа мектеп Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылында ашылды. Онда 120 оқушы білім алатын болады. Білім ордасы жергілікті бюджет қаражатына салынған. Жалпы құны - 438, 4 млн. теӊге. Бұрынғы ауыл мектебі мектепке бейімделген ғимаратта орналасқан еді. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаныӊ арқасында облыстағы үшауысымды мектептер саны азаюда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны