12.02.2016, 12:47 2964

Алматы облысында өрт сөндіру қызметініӊ 2 қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында өрт сөндіру қызметініӊ 2 қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросыныӊ Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында өрт сөндіру қызметініӊ 2 қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросыныӊ Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Қапшағай қаласындағы өртке қарсы қызметтіӊ төтенше жағдайлар бөлімініӊ басшысы Ж.Ибдікерімов пен оныӊ бағынысты қызметкері, майор А.Қуандықов өзара ымыраластықпен 1 000 доллар көлемінде пара алған. Бұл қаржыға лауазымды тұлғалар "Ақ-Сарай" дәмханасын тексермей, заӊбұзушылықтар жойылды деген жалған анықтама береміз деп уәде еткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазіргі таӊда күдіктілер Іле ауданы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны