11.03.2007, 14:35 4467

Алматы облысында отбасы үлгісіндегі балалар үйінің жүзден астам тәрбиеленушісі көшеде қалу қаупі бар - газет

Алматы облысында отбасы үлгісіндегі балалар үйінің жүзден астам тәрбиеленушісі көшеде қалу қаупі бар - газет

АЛМАТЫ. 11-наурыз. Kazakhstan Today . Алматы облысының Талғар қаласында отбасылық үлгідегі "Нұр" балалар үйінің жүзден астам тәрбиеленушісі көшеде қалу қаупі бар: жергілікті билік жетімхананың 10 соттық жеріән тартып алған, ал мекемені заңдастыру мерзімі созыла түсуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Караван" апталығына сілтеме жасап.

Отбасы үлгісіндегі "Нұр" балалар үйі Талғарда 1998-жылы ашылған. Жетімдер үйінің негізін қалаушылар қайырымдылық қаржысына бұрынғы қалалық мектептің ғимаратын жөндеп, оқу залы бар кітапхана мен медициналық бөлмені жабдықтаған. Жетімханада спортзал мен тігін цехы бар. Қазір онда мектеп жасына дейінгі сәбиден студентке дейін 110 бала тұрады.

"Тәрбиеленушілер өздерінің жаңа баспанасына бейімделіп, мекенденіп абаттандырып үлгермей жатып Талғар қаласының әкімі Сапархан Исаев олардан жанама жатқан 10 соттық жерді тартып алуға пәрмен берген. Қазір бұл жер жаңа қожайынға берілген, онда әлгі жекежай салып жатыр",- деп жазады басылым. Сонымен бірге қала басшылығы жетімхананың негізін қалаған Тұяқ Есхожинаға бұрын өзіне берілген ғимаратты заңдастыруға мүмкіндік бермей отыр. "Ғимарат пен оның аумағын 49 жылға жалға алу туралы шешім бар. Бірақ бұл құжатты әкімшіліктегі шенеуніктер өз еріктерімен беруге құлықсыз",- деп жазады мақала авторы.

Еске сала кетейік, бұл билік жер телімінен айыруға ниеттенген Алматы облысындағы бірінші балалар үйі емес. Мәселен, БАҚ-тардың араласуының арқасында ғана Алматы қаласының басшылығы Алматы облысындағы 200 тәрбиеленуші тұратын №1 балалар үйінен жерді тартып алу жөніндегі бастапқы райынан қайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны