24.02.2015, 14:27 3938

Алматы облысында полковник сотқа тартылатынын біліп өзін атып өлтірген

Абай Мырзабеков жемқорлыққа қатысты істе басты күдіктілердіӊ қатарында болыпты. Себебі тергеушілер, марқұм полковник ұзақ жылдар басқарған бөлімде ондаған милллион бюджет қаржысыныӊ мақсатсыз жұмсалғанын әшкерелеген

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы іргесіндегі әскери бөлімде атылып өлген полковник істі боларын біліп өзіне қол салған. Абай Мырзабеков жемқорлыққа қатысты істе басты күдіктілердіӊ қатарында болыпты. Себебі тергеушілер, марқұм полковник ұзақ жылдар басқарған бөлімде ондаған милллион бюджет қаржысыныӊ мақсатсыз жұмсалғанын әшкерелеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Былтыр Қорғаныс министрлігі №55065 бөліміне жоспарлы жөндеу жұмыстарына қомақты ақша бөлген екен. Бұл қаржыға әскери бөлімніӊ айналасы бетонмен қоршалуы тиіс болған. Тиісті жұмыстыӊ атқарылғанына кейін арнайы комиссия да көз жеткізеді. Бірақ, қоршау құжатта көрсетілгендей сапасы жоғары материалдан емес, арзан құмтастан тұрғызылыпты. Үнемнен артық қалған қаржыны әрине, Қорғаныс министрлігіне ешкім қайтармаған. Былық әшкереленген соӊ, бөлім командирін қылмыстық іс қана емес, түрме тіпті барлық мемлекеттік медальдарынан айырылу қаупі күтіп тұрған еді. Осы кезде, полковник Мырзабеков зейнеткерлікке шығу жөнінде дереу рапорт жазып кейін өзіне қол салған. Соӊына бір парақ хат қалдырған офицер тура қызметтік кабинетінде табелді тапаншадан атылып өлді. Қазір Ішкі Істер министрлігініӊ әскери тергеу басқармасы бөлім басшылары мен офицерлерден тегіс жауап алып, қаржылық құжаттарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны