17.05.2012, 09:15 3075

Алматы облысында тағы бір тастанды бала табылды

Алматы облысының Іргелі ауылында жергілікті тұрғын тура үйінің алдынан жаңа туған нәресте тауып алды. Көкек ана шақалағын полиэтилен дорбаға салып, жер үйдің есігіне іліп кетіпті. Сәбидің тіпті кіндігі де дұрыс кесілмеген екен.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Алматы облысында тағы бір тастанды бала табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысының Іргелі ауылында жергілікті тұрғын тура үйінің алдынан жаңа туған нәресте тауып алды. Көкек ана шақалағын полиэтилен дорбаға салып, жер үйдің есігіне іліп кетіпті. Сәбидің тіпті кіндігі де дұрыс кесілмеген екен.

Баланы тапқан зейнеткер шақалақтың қаңғыбас иттердің аузына ілікпегеніне тәубе келтіреді. Өйткені бұл маңда аш төбеттер жиі кезіп жүреді екен. Ал қарияның өзі қызы жергілікті перзентханада акушер болып қызмет еткендіктен, дәл осы жерде баланы жуындырып, кіндігін жақсылап түүюге тура келген. Қазір шақалақ Қаскелеңдегі перзентханада жатыр. Дәрігерлер оның денсаулығы жақсы дейді.

"Бес жарымда шықсам пакет жатыр, басы шығып жатыр. Ойбуй, құдай сақтай гөр деп ойбайлап үйге бардым. Мыналарды ояттым, мындағы қызым медбике ғой. Соған барып едім, ол байқұс орамалын алып жүгіріп, пакетін алып тастады да үйге кіргізді. Жуындырды, ол жуынбапты да",- дейді Іргелі ауылының тұрғыны Зулина Өтешева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны