09.12.2008, 18:18 3118

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жасар баланы бір тәулік бойы іздеген

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жасар баланы бір тәулік бойы іздеген

Алматы. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Кербұлақ ауданында тауда жоғалып кеткен төрт жасар баланы бір тәулік бойы іздеген, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бала 4 желтоқсанда Сарыөзек ауылынан 3 шақырым жердегі саяжайдан жоғалып кеткен. Туыстары оны кешке дейін өз беттерімен іздеп, сосын полицияның көмегіне жүгінген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жоғалған баланы іздеуге Кербұлақ АІІБ-ның 19 қызметкері қатысқан. 5 желтоқсанда баланы тәртіп сақшылары тауда, саяжайдан 5 шақырым жерден тауып алған. Бала шұғыл түрде Сарыөзек ауылдық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қазір баланың денсаулығы тұрақты деп бағалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны