11.03.2010, 11:56 2669

Алматы облысында темір жол төсемі бойындағы топырақтың шайылып кетуіне байланысты жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды

Алматы облысында темір жол төсемі бойындағы топырақтың шайылып кетуіне байланысты жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды

Астана. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында темір жол төсемі бойындағы топырақтың шайылып кетуіне байланысты жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан көлік қатынасында қиындықтар туындап отыр.

Мекеменің хабарлауынша, "2010 жылғы 11 наурыздың 2 сағат 47 минутынан бастап Алматы жол бөлімшесінің Сарыөзек - Үштөбе учаскесінде (Мойынқұм - Көпір аралығындағы 1439-1444 шақырым) темір жол төсемі бойындағы топырақтың шайылып кетуіне байланысты пойыздар қозғалысы тоқтатылды".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Кіші Биже арнасы мен Кіші және Үлкен Биже өзендерінің қосылған жеріндегі су деңгейінің бөгеттен асып кетуіне байланысты темір жол бойындағы ұзақтығы 10-15 метрдей жер төсемінің табанын су басып, шайып кеткен. Сол себепті, №22 Қызылорда - Семей, №325 Новосибирск - Алматы, №21 Семей - Қызылорда, № 31 Павлодар - Алматы жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қазірге кезде жер төсемінің шайылып кеткен тұсында 50 адамнан тұратын бригада жұмыс атқаруда",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны