27.05.2015, 21:57 4330

Алматы облысында тікұшақтыӊ апатқа ұшыруына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысындағы салынып жатқан "Алматы-Өскемен" күре жолыныӊ 237-ші шақырымында, Көксу ауданы аумағында "Автожир ЕLА 07-S" ұшағы апатқа ұшырады

Алматы. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы салынып жатқан "Алматы-Өскемен" күре жолыныӊ 237-ші шақырымында, Көксу ауданы аумағында "Автожир ЕLА 07-S" ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысында тікұшақтыӊ құлауына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексініӊ 344-бабы (Теӊіз, әуе, теміржол көліктерін пайдалану және қозғалысындағы қауіпсіздік ережесін сақтамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметінен хабарлағандай, тікұшақ штурвалында 1950 жылғы Жанайдар Егінбаев болған. Ол тікұшақпен салынып жатқан жолды бақылау мақсатында ұшқан.

"Алматы-Өскемен" күре жолыныӊ 237-ші шақырымында Ж.Егінбаев өте төмен биіктікте маневр жасап, тікұшақты электр сымдарыныӊ астынан өткізбек болған. Алайда, биіктікті дұрыс бағамдамауы салдарынан тікұшақ винті электр сымына ілініп, салынып жатқан жолға құлаған.

Апат салдарынан Ж.Егінбаев оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі уақытта марқұмныӊ мүрдесі Талдықорғанға сараптауға жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны