17.10.2018, 18:22 4641

Алматы облысында тұрғын үймен біріктірілген 100 учаскелік полиция пункті салынды

Алматы облысында учаскелік полиция қызметкерлерініӊ жұмыс сапасын арттыру мақсатында облыс әкімініӊ тапсырмасымен 2014 жылдан бері тұрғын үймен біріктірілген полциция пункттері салына бастады.

Талдықорған. 17 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында учаскелік полиция қызметкерлерініӊ жұмыс сапасын арттыру мақсатында облыс әкімініӊ тапсырмасымен 2014 жылдан бері тұрғын үймен біріктірілген полциция пункттері салына бастады. Жалпы 224 осындай пункт салуға 2014-2018 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 3,3 млрд. теӊге бөлінді. Тұрғын үймен біріктірілген 100 учаскелік пунктке жергілікті тәртіп сақшылары қоныстанып үлгерсе, жыл соӊына дейін тағы 77-сініӊ құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал 2019 жылы қалған 43-ініӊ құрылысы басталмақ, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жүргізілген жұмыстардыӊ нәтижесінде Еӊбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында - 25-тен, Алакөлде - 19, Кербұлақта - 14, Ақсу, Ұйғыр аудандарында - 13-тен, Панфилов ауданында - 12, Іле, Балқаш аудандарында - 11-ден, Ескелді ауданында - 10, Көксу, Кеген, Талғар, Райымбек аудандарында - 9-дан, Қарасай ауданында - 8, Қаратал ауданында, Талдықорған қаласында - 6-дан, Сарқан ауданында - 6, Қапшағай қаласында - 2 және Текеліде 1 пункттен болады.

Сөйтіп, қолға алынған жоба барлық аудан, қалаларды қамтымақ. Полиция жұмысына жасалған қолайлы жағдай өзініӊ нәтижелерін көрсетіп те отыр. Мәселен, биылғы жылдыӊ 9 айында "Бұзақылық" бабымен қаралатын қылмыстардыӊ ашылу көрсеткіші өткен жылдыӊ осы мерзімімен салыстырғанда 6,6 %, ал жеӊіл және орташа ауырлықтағы қылмыстарды ашу деӊгейі 0,4 % артқан.

Учаскелік инспекторлардыӊ өздері жасалып отырған материалдық мүмкіндіктер жұмыс жағдайына көп септескенін айтады.

- Біріншіден, енді тұрақты жұмыс кабинетіміз бар, оған кез келген уақытта жергілікті азаматтар өз мәселе-шағымдарын айтып келе алады. Екіншіден, осы учаскелік пункт пайдалануға берілген биылғы жылдыӊ ақпан айынан отбасымныӊ тұрғын үй мәселесі шешілді. Бұған дейін пәтер жалдап тұрып келдік. Қазір жұмыс жасауға жайлы жағдай туғанына ризамыз, - деді Текелі қалалық ішкі істер бөлімініӊ учаскелік инспекторы Ербол Аманбаев.

Жарас Иділбеков биылғы жылдыӊ мамыр айында құқық қорғау саласына жас маман болып келген.

- Мемлекет тарапынан маман ретінде бағалап, қолдап, әсіресе, тұрғын үй мәселесін шешіп беруі маған жұмыс істеуге деген ерекше құлшыныс берді. Сол жасалған жағдайларға сай өнімді еӊбек етуге міндеттіміз, - деді Ж. Иділбеков.

Атап өтсек, бүгінгі күні Алматы облыстық ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері автокөлікпен, бейнетіркеу құралымен, бейнежетондармен, планшеттермен, компьютерлермен қамтылған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы облыс бойынша 502 бейнекамера орнатылады, сөйтіп жыл соӊында олардыӊ жалпы саны 1 268-ге жетеді, соныӊ ішінде Талдықорғанда орнатылғаны - 870. Ішкі істер органдарын азаматтарды қабылдаудыӊ Халыққа қызмет көрсету орталықтары принципі жағдайына кезеӊ-кезеӊімен көшіру -Елбасыныӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын жүзеге асырудағы басым бағыттардыӊ бірі болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны