21.10.2011, 14:30 3732

Алматы облысында ҮААКЖ салуға арналған жер учаскелерін сатып алуды бағалау басталды

ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Алматының Үлкен айналма автомобиль жолының (БАКАД) құрылыс жобасын іске асыру мәселелері, оның ішінде жер учаскелерін сатып алу барысы жөнінде жиналыс өткізген.

Алматы. 21-қазан. Kazakhstan Today - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Алматы облысының әкімшілігімен бірслесе отырып Алматы облысында ҮААКЖ салуға арналған жер учаскелерін сатып алуды бағалау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша , ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Алматының Үлкен айналма автомобиль жолының (БАКАД) құрылыс жобасын іске асыру мәселелері, оның ішінде жер учаскелерін сатып алу барысы жөнінде жиналыс өткізген.

Жиналысты ашқан министр бұл жобаны іске асыру Елбасының тұрақты назарында екенін атап өтті. Айналма жолдың құрылысы, алдымен, жергілікті халық үшін, сонымен қатар қалаға баратын көлік ағынын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны