07.09.2016, 18:47 11714

Алматы облысында үлескерлік құрылыстыӊ проблемалық мәселелері толықтай шешілді

Алматы облысында үлескерлік құрылыстыӊ проблемалық мәселелері толықтай шешілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ ресми сайты.

Талдықорған. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында үлескерлік құрылыстыӊ проблемалық мәселелері толықтай шешілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ ресми сайты.

"Үлескерлердіӊ тұрғын үй мәселесін шешу - Алматы облысы басшылығыныӊ үнемі бақылауында тұрған мәселе болатын. Үлескерлердіӊ қатысуымен құрылыс жүргізу жұмыстарына жауапты Алматы облысы әкімдігініӊ уәкілетті органы болып табылатын "Жетісу Жаӊа Құрылыс" ЖШС-ніӊ директоры Нүгірбек Абулғазинніӊ мәлімдеуінше, бүгінгі күні Алматы облысында үлескерлік құрылыс мәселесі толықтай шешілді",- делінген хабарламада.

Өздеріӊізге белгілі, 2008-2009 жылдар аралығында Алматы облысында 4129 үлескері бар 21 проблемалық нысан болатын. 2009 жылы мемлекеттік қаржыландырудыӊ көмегінсіз 12 нысан бойынша 1553 үлескердіӊ мәселесі шешілген болатын.

"Сонымен қатар, мемлекеттік қаржылық қолдаудыӊ арқасында тағы 34 кешенніӊ құрылысы аяқталып, нәтижесінде тағы 9 нысан бойынша 2576 үлескердіӊ мәселесі шешімін тапты. Бұл мақсатқа бюджеттен 34,588 млрд. теӊге бөлінген болатын, оныӊ 34,009 млрд. теӊгесі республикалық бюджеттен бөлінген болса, 0,579 млрд. теӊге жергілікті бюджеттен қарастырылды. Осыныӊ арқасында барлық қажетті инженерлік жүйелері тартылған 355 мыӊ шаршы метр жаӊа тұрғын үй бой көтерді", - деп хабарлайды Нүгірбек Абулғазин.

Н. Абулғазинніӊ хабарлауынша, үлескерлердіӊ мәселесі бойынша соӊғы нысан саналатын "Өмірұзақ" тұрғын үй кешені бойынша соӊғы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдыӊ тамыз айында аяқталған. Жалпы аумағы 20,922 мыӊ шаршы метр болатын 114 пәтерден тұратын 51 жеке тұрғын үй тұрғызылды. Нәтижесінде 105 үлескердіӊ мәселесі оӊды шешімін тапты.

Осылайша, бүгінгі күні Алматы облысында үлескерлік құрылыстыӊ проблемалық мәселелері толықтай шешілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны