13.09.2017, 17:28 4228

Алматы облысында "WELCOME to ZHETYSU" фильмініӊ түсірілімі басталды

Бүгін Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар жастардыӊ жобасына ақ жол тілеп, жетісулықтар "WELCOME to ZHETYSU" фильмін түсіруді бастап кетті. Бұл туынды Жетісу өӊірініӊ көрнекті жерлерін кино тілімен насихаттайтын ерекше жоба болмақ.

Талдықорған. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар жастардыӊ жобасына ақ жол тілеп, жетісулықтар "WELCOME to ZHETYSU" фильмін түсіруді бастап кетті. Бұл туынды Жетісу өӊірініӊ көрнекті жерлерін кино тілімен насихаттайтын ерекше жоба болмақ. Бұл туралы Алматы облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында өткен баспасөз мәлихатында белгілі болды.

Кино желісі өте қызықты, түрлі шытырманға толы, әзілмен әрленген. Жетісу өлкесініӊ тамаша жерлері де осы туындыныӊ ішінде көрсетіледі. Сценарий авторы Жұмабек Иділеттіӊ айтуынша, кино қазақ тілінде түсіріледі, аталмыш туындыдағы негізгі рөлдерді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныӊ еӊ үздік түлектері ойнамақ.

Фильмніӊ қысқаша мазмұны: жаӊа танысқан жолдастар Жетісу жерінен әсерлі бейнеролик түсіруді көздейді. Мақсаттарына жету жолында түрлі кедергілерге тап болғанына қарамастан, барлық қиындықты еӊсеріп шығады.

"Елбасымыз айтқан рухани жаӊғыру еӊ алдымен жастардыӊ өз өлкесін танудан басталады. Сондықтан жетісулық жастар туған жердіӊ топырағын насихаттауды кино тілімен жеткізуге талпыныс жасап отыр. Бұл орайда облысымыздағы қолға алынып отырған алғашқы тыӊ жобаныӊ маӊызы зор деп есептеймін. Оны жүзеге асыру үшін біздіӊ жастарда күш-жігер де, қуатты рух та, патриотизм де жеткілікті. Сондықтан тыӊ жоба өзініӊ нәтижесін беретініне сенімдіміз", - деді Ж. Омар.

Жалпы, кино түсіруге 13,8 млн. теӊге бөлінген. Фильмніӊ ұзақтығы 90 минут болады деп межеленуде. Актерлер құрамында Ерболат Құдайберген, Рамис Кулаxметов, Рүстем Омаров, Мейірхан Шерниязов, Салтанат Құдайберген, Елдар Ташкенбай, Олжас Қасым, Райымбек Бекет бар. Фильм шамамен қараша айында көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Алматы облысы аумағыныӊ көлемі 223,5 мыӊ ш2. (Қазақстан жерініӊ жалпы көлемініӊ - 8,2%) құрайды.

Облыс құрамына облыстық маӊызы бар 2 қала (Талдықорған және Қапшағай), оныӊ ішінде 1 моноқала (Текелі), аудандық бағынысты 7 қала, 16 аудан, 731 ауылдық елді мекен кіреді.

Халық саны 2015 жылдыӊ 1 шілдесіне 1933,9 мыӊ адамды құрайды. Халық құрамы 103 ұлт пен ұлыстардан тұрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны