22.06.2015, 11:21 3130

Алматы облысында жалған ақша жасайтын астыртын цех әшкереленді

Алматы облысында жалған ақша жасайтын астыртын цех әшкереленді. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметі хабарлады

Алматы. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысында жалған ақша жасайтын астыртын цех әшкереленді. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған цехта номиналы 2 мыӊ теӊге болатын ақша басылып келген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"1994 жылы туылған ҚР азаматы, 1992 және 1994 жылы туылған Өзбекстан азаматтары Алматы және Алматы облысы аймағында 3 ай бойы астыртын ақша басып, оны айналымға түсірумен айналысып келген. Тексеру барысында жалпы сомасы 450 мыӊ теӊге болатын 2 мыӊ теӊгелік 225 купюра, ақшаныӊ форматы сызылған А- 4 пішінді 11 қағаз, "HP" және "Canon" маркалі 2 көпфункционалды құрылғы табылды", - деді облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметініӊ басқарма басшысы Дәулет Ақылбеков.

Қазір ұсталған азаматтарға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдарына аймақта айналыста жүрген жалған ақшаларды анықтау тапсырылды.

Маманныӊ айтуынша, жалған ақша көбіне ұсақ сауда орындарында, жанармай құю стансаларында айналымда жүреді. Көбіне номиналы 2 мыӊ, 5 мыӊ, 10 мыӊ болатын қағаз ақша қолдан жасалынады.

Осыған байланысты құзырлы орган өкілдері азаматтарға ірі ақшаға қатысты мәмілеге келгенде сақтық танытуын ескертеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны