07.07.2016, 20:02 3804

Алматы облысында жаӊа туған сәбиін әжетханаға тастаған көкек ана жантүршігерлік әрекетін түсіндіре алмады

Бұл сәбиді емханаға ішкі істер органы қызметкерлері әкелген. Нәжіс ішінде жатып қалған қыз баланыӊ қазіргі жағдайы жақсы. Аздап миы шайқалған екен. Бірақ дәрігерлер жуындырып, тиісті ем-домдарын жасаған. Қазір жағдайы бірқалыпты, денсаулығында кемдік

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында туған баласын әжетханаға тастаған тасбауыр ана табылды. Осыдан бірер күн бұрын Ақши ауылында дәретханадан жаӊа туған сәбидіӊ табылғаны белгілі болған. Іле аудандық ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлері көпке ұзатпай безбүйрек ананыӊ өзін де тауып отыр. Ол Қарасай ауданыныӊ 22 жастағы тұрғыны екен. Ал нәжіс арасында ұзақ жатып қалып, денесі тоӊазыған шақалақтыӊ қазір беті бері қараған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл сәбиді емханаға ішкі істер органы қызметкерлері әкелген. Нәжіс ішінде жатып қалған қыз баланыӊ қазіргі жағдайы жақсы. Аздап миы шайқалған екен. Бірақ дәрігерлер жуындырып, тиісті ем-домдарын жасаған. Қазір жағдайы бірқалыпты, денсаулығында кемдік жоқ, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Жанар Орынбасарова, неонатолог:

-3 келі 400 грамм салмағы, бойы 55 см. Келген кезде өте кір бала. Өте мазасыз. Ем қажет етеді. Баланыӊ басына УЗИ түсірілді. Оттегі жеткіліксіздігі бар. Емін алып жатыр.

Полиция өкілдерініӊ айтуынша, көкек ана босанатын жер іздеп, Ақши ауылында тұратын әжесініӊ әжетханасын таӊдаған екен. Анықталғаны - еш жерде жұмыс істемейді әрі тұрмыс та құрмаған. Өзі етжеӊді келген қыздыӊ аяғы ауыр екенін туыстары да байқамаған көрінеді. Ал өзі не үшін осынша озбырлық жасағанын тергеушілерге әзірше түсіндіре алмапты.

Нұрлан Сартов, Іле аудандық ІІБ бастығыныӊ орынбасары:

-Қарасай ауданыныӊ тұрғыны, 1994 жылғы. Ауылға апасыныӊ үйіне келіп таӊғы 6-ға таман толғағы қысқан. Содан далаға шығып дәретханада туып тастап кеткен.

Дәрігерлердіӊ айтуынша, Іле ауданында өз баласынан жеріген аналар аз емес екен. Бірақ нәрестеніӊ дәретханадан табылуы бірінші рет кездесіп отыр дейді. Аты-жөні де қызық. Бұл жағдайдан шошып қалдық деген полицейлер әзірге сәбидіӊ тегін Шакирова деп жаздырыпты. Аздап ширағасын Қарлығаш есімді бұл сәби, балалар үйіне өткізілетін болады. Ал тасбауыр ана қазір тергеу абақтысында отыр. Енді 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір тергеушілер бойжеткенніӊ достарынан жаппай түсініктеме алып, кіммен тығыз араласқанын анықтауда. Сөйтіп, тастанды сәбидіӊ әкесін іздеп таппақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны