20.10.2010, 17:44 5131

Алматы облысында жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Талдықорған. 20 - қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Талғар аудынының Тұздыбастау аулындағы Абай Исабековтың өзіне өзі қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданының прокуроры ҚР ҚК 102 бабы (өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қылмыстық істі тергеумен Талғар ауданының АІІБ облыстық ІІД тергеу басқармасының қатысуымен айналысады.

Естеріңізге сала кетсек, Талғар ауданының № 31 орта мектептің 9 сынып оқушысы А. Исабеков 14-қазан күні асылып тұрған жерінен табылған болатын. Бұл осы мектеп оқушыларының екінші рет өзіне өзі қол жұмсауы. Бұрын хабарлағанымыздай, 1-қазан күні тоғызыншы сынып оқушысы Сержан Тұрысбеков өзіне өзі қол жұмсаған болатын. А. Исабековтың өлімінен кейін оның туыстары мектепте жасы үлкен балалардан құралған рэкеттің бар екендігі туралы хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны