10.05.2018, 20:28 4792

Алматы облысында Жеӊіс мерекесініӊ құрметіне мыӊнан астам талдықорғандық "Жаужүрек полк" шеруінде жүріп өтті

Еӊ алдымен көрермендерге "Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеӊіс" атты театрландырылған көрініс ұсынылды. Онда соғыс басталғаннан Жеӊіске қол жеткізгенге дейінгі аралықтағы сұрапыл жылдардыӊ ауыр кезеӊдері көрсетілді. Қаланыӊ орталық көшелерімен "Жаужүрек полк" шеруініӊ жүріп өтуі де Жеӊіске деген құрметті еселей түсті.

Талдықорған. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Жеӊіс мерекесі күні Талдықорған қаласындағы Тәуелсіздік көшесініӊ бойымен орталық алаӊнан "Жастар" мәдени-демалыс саябағына дейін "Жаужүрек полк" колоннасымен жүріп өткен мыӊнан астам талдықорғандық майдангерлерді құрметпен еске алды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

9 Мамыр мерекесі Талдықорғанда Даӊқ обелискісіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, негізгі шаралар "Жастар" саябағында жалғасты. Еӊ алдымен көрермендерге "Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеӊіс" атты театрландырылған көрініс ұсынылды. Онда соғыс басталғаннан Жеӊіске қол жеткізгенге дейінгі аралықтағы сұрапыл жылдардыӊ ауыр кезеӊдері көрсетілді. Қаланыӊ орталық көшелерімен "Жаужүрек полк" шеруініӊ жүріп өтуі де Жеӊіске деген құрметті еселей түсті.

Ардақты ардагерлер мен жиналған қауымды мерекемен құттықтаған облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Л. Тұрлашов:

- Бүгін батырлық пен жанқиярлық ерліктіӊ, бірлік пен тату тірліктіӊ мерекесі - Ұлы Жеӊіске 73 жыл толып отыр.Баршаӊызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев "Аға ұрпақтыӊ жеӊісі мен бүгінгі біздіӊ жетістігіміз - бір-бірімен тығыз байланысты. Егер аға буынныӊ ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекет құра алмас едік", - деп ерекше атап көрсетті.Бұл сұрапыл соғысқа 1 миллион 800 мыӊ қазақстандық аттанып, соныӊ теӊ жартысы қан майданнан қайтпады.Бүгін қасымызда жүрген соғыс ардагерлері - бiздiӊ мақтанышымыз.Олар Отан қорғау жолында нағыз патриотизмнiӊ үлгiсiн көрсетті. Аға буын жастарды тәрбиелеп, еліміздіӊ өсіп-өркендеуі үшiн атсалысты.Ардагерлерге барынша қамқорлық жасау - бiздiӊ қасиеттi борышымыз, - деп атап өтті.

Жеӊісті жақындатудағы жетісулықтардыӊ қосқан үлесін айта келе, ардагерлерге мықты денсаулық, бейбіт өмір тіледі.

Мерекелік концертте облыстыӊ шығармашылық ұжымдары, Қазақстан эстрадасыныӊ жарық жұлдызы Илібек Дінішев патриоттық рухтағы репертуарларымен халықтыӊ ыстық ықыласына бөленді. Атап айтқанда Ұлы Жеӊіс, береке-бірлік, достық пен сүйіспеншілік, Отан жайындағы әндер мерекеніӊ салмағын арттыра түсті. Саябақта дәстүрлі "Дала асханасы" қойылып, ардагерлер асханадан дәм татты.

Осы күні "Талдықорған" ипподромында мерекеге орай ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтіп, кешкілік "Жастар" саябағында жастарға арналған би кеші мен мерекелік отшашу ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны