14.03.2013, 11:04 3558

Алматы облысында жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 246 шақырым жерде орналасты. Энергетикалық санаты - К=11,5, тереңдігі - 15 шақырым.

Алматы. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін, түнгі сағат 04:32-де Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 246 шақырым жерде орналасты. Энергетикалық санаты - К=11,5, тереңдігі - 15 шақырым.

Жерасты дүмпулер Алматы қаласында MSK-64 бағаны бойынша 3 балл қуатымен сезілді. Қаза тапқандар мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны