16.05.2018, 23:54 3227

Алматы облысында жыл бойы жұмыс істейтін тау шаӊғы курорты ашылмақ

Облыс әкімі инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері жағынан қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл, атап айтқанда автокөлік жолдарына, электрмен, сумен қамтуға және кәріз жүйелеріне қатысты.

Талдықорған. 16 мамыр Kazakhstan Today - Талғар ауданындағы "Лесная сказка" демалыс кешенін одан әрі дамытуға бағытталған "Апорт-Ақтас" тау шаӊғы курортыныӊ жобасы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовқа таныстырылды. Жобаға бастамашы болған "Alina" компаниялар тобыныӊ президенті Ерлік Балфанбаев құрылыс жоспары мен нысан макетін көрсетіп, баяндап берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Е. Балфанбаевтыӊ айтуынша, жоба аясында 12 аспалы жол, ұзындығы 31 шақырым болатын тау шаӊғы трассасы, сол сияқты 700 төсек-орындық қонақ үй, мейрамханалар, кафе және басқа да нысандар салу көзделген. Келушілер саны жылына 724 мыӊ адам, яғни күніне 12 мыӊ адам болады деп күтілуде. 600-ден астам жаӊа жұмыс орны құрылып, тартылатын инвестиция көлемі 31 млрд. теӊге болады деп межеленіп отыр. Кешенніӊ басты ерекшелігі - оныӊ жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтіндігінде.

- Тау шаӊғы курортыныӊ жұмысы жыл маусымдарына тәуелді емес. Қысқы кезеӊде тау шаӊғысы, хоккей, конькимен сырғанау қызық болса, жазда велосипед теуіп, атқа мінуге болады. Яғни шаӊғы жолдары жазда велосипед жолы ретінде пайдаланылады. Сөйтіп курорт туристердіӊ жыл бойы демалуына қолайлы орын болмақ, - дейді Е. Балфанбаев.

Облыс әкімі Амандық Баталов туризмді дамыту жоспарланған жұмыстыӊ басым бағыттарыныӊ бірі екенін атап өтті:

- Алматы облысына күні кеше жасаған сапарында Мемлекет басшысы өӊірдіӊ туристік әлеуетін тиімді пайдаланып, туризмді, соныӊ ішінде тау туризмін дамытуға назар аударуды тапсырды. Бүгін таныстырылған тау шаӊғы курортыныӊ жобасы осы міндетті орындауда аса маӊызды деп есептеймін. Оныӊ жұмысы жаппай туристер тарту ісіне ықпал ететін болады. Оған қоса жаӊа жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылады, еӊ бастысы халықты саламатты өмір салтына тартуға жәрдемдеседі, - деді А. Баталов.

Облыс әкімі инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері жағынан қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл, атап айтқанда автокөлік жолдарына, электрмен, сумен қамтуға және кәріз жүйелеріне қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны