11.10.2018, 14:33 5158

Алматы облысында жолдаудан туындайтын міндеттер белгіленді

Сонымен қатар білім беру мекемелерін бейнебақылаумен қамтамасыз ету, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге қатысты да нақты міндеттер жүктелді. Мәселен, ішкі минграция мен демографиялық өсімніӊ нәтижесінде үш ауысымда оқытатын бұрыннан бар мектептердіӊ қатарына өткен жылы 11 мектеп қосылса, биыл тағы 13-і қосылып отыр, сөйтіп олардыӊ саны қазіргі кезде 34-ті құрайды.

Талдықорған. 11 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен Елбасы Н. Назарбаевтыӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған өӊірлік актив жиыны өтті. Жиында Жолдауды жүзеге асырудағы облыстық атқарушы органдардыӊ міндеттері туралы мәселе қаралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі А. Баталов Президенттіӊ бұл Жолдауы осыған дейін жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардыӊ заӊды жалғасы екенін атап өтті. Ир отбасыныӊ, әрбір адамныӊ жағдайын, тіршілік ортасын жақсартуға арналған Жолдауды орындауға жергілікті атқарушы органдар бүгіннен бастап кірісуі керектігін қадап айтты.

Алдымен Жолдауды талқылау бойынша Көксу ауданындағы Қ. Жалаири атындағы мектеп-гимназия директорыныӊ орынбасары Айдынгүл Нұрдәулетова сөз алды. Оныӊ айтуынша, биылғы Жолдауда айтылған педагогтардыӊ мәртебесін анықтау ісі көптен шешімін күткен мәселе еді. Сонымен қатар жылдыӊ басты құжатында үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге де ерекше назар аударылғаны қуантады. "Өткен жылы облыста "Нұрлы жол" бағдарламасымен 33 мектеп салынса, биыл 9 жаӊа мектеп пайдалануға берілген. Сіздер мектеп салып бере берсеӊіздер, біз қанша бала болса да оқытуға қуана кірісеміз", - деді А. Нұрдәулетова.

Сол сияқты облыстық перинаталды орталықтыӊ дәрігері Елена Осипова медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда, денсаулық сақтау саласын цифрландыруда өздеріне жүктеліп отырған міндеттіӊ зор екенін айта келе, оған қол жеткізуге облыста барлық мүмкіндіктер жасалып отырғанын және соған сәйкес сапалы жұмыс істейтіндіктерін айтты.

Жиында, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, спорт, жастар ісі салалары бойынша да мамандар сөз алып, Жолдауға қатысты өз ой-пікірлерін білдірді.

Мұнан соӊ Жолдау тапсырмаларына сай қай салада қандай міндеттер күтіп тұрғаны, қай бағыттарға басымдық берілуі тиістігі жайында облыс әкімі А. Баталов нақты міндеттерді белгілеп берді.

Облыс басшысыныӊ айтуынша,Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қысқа мерзімде Елбасыныӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, сол жоспар басшылыққа алынатын болады.

Биылғы Жолдауда"Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасын жыл сайын сомасы 30 млрд. теӊгеге қосымша қаржыландыра отырып, 2025 жылға дейін ұзарту тапсырылған болатын. Мәселен, бағдарлама басталғаннан бері облыс кәсіпкерлері үшін 1219 жобаны іске асыруға 30,6 млрд.теӊгеге қолдау көрсетілген, жеті мыӊ сегіз жүз жұмыс орны ашылып, 26 мыӊ жұмыс орны сақталған. Соныӊ нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны 115 мыӊнан асып, жергілікті бюджеттегі үлесі бір жыл ішінде 39% процентен53% процентке өскен, ал жалпы өӊірлік өнімде жыл соӊында 28%-ті құрайды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес актив жиынында облыс әкімініӊ орынбасары Ж. Тұяқовқа, кәсіпкерлік басқармасына өӊір кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында қосымша қаржы алу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырылды.

- Ауыл шаруашылығында облыс жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Қант қызылшасы, жүгері өсіру, өӊдеу ісін жолға қойдық. Алайда біз осы жетістіктерімізбен тоқтап қалмауымыз керек. Сондықтан бір ай ішінде облыстағы АӨК дамытудыӊ өӊірлік бағдарламасын әзірлеп, бекітіп, бағдарлама ішіне 9 басым бағытты белгілеуді тапсырамын. Соныӊ ішінде, етті-сүтті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, басымдық берілетін дақылдар, интенсивті бақтар, жылыжай шаруашылықтары және т.б. бар, - деп атап өтті А. Баталов.

Сонымен қатар білім беру мекемелерін бейнебақылаумен қамтамасыз ету, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге қатысты да нақты міндеттер жүктелді. Мәселен, ішкі минграция мен демографиялық өсімніӊ нәтижесінде үш ауысымда оқытатын бұрыннан бар мектептердіӊ қатарына өткен жылы 11 мектеп қосылса, биыл тағы 13-і қосылып отыр, сөйтіп олардыӊ саны қазіргі кезде 34-ті құрайды.

- Облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Л. Тұрлашов пен тиісті басқармаларға 15 мектептіӊ жобалық-сметалық құжаттарын дайындауды аяқтауды, жаӊа 11 үшауысымды мектептіӊ құжаттарын әзірлеуді тапсырамын. 11 мектептіӊ құжаттарын әзірлеуге қажетті қаржыны жуық арада өтетін бюджетті нақтылау кезінде қарастыруымыз керек.

Елімізде "7-20-25" бағдарламасы басталды, алайда бізді әлі күнге дейін сатып алушылардыӊ толық пулы қалыптастырылмаған.Екінші деӊгейлі банктер сомасы 849 млн.теӊгеге 73 өтінім ғана қабылдаған, оныӊ 53-і мақұлданып, 4 пәтер берілген.Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде жалдамалы және несиелік тұрғын үйлердіӊ іске қосылуын ұлғайту қажет.Облыс әкімініӊ орынбасарлары Л. Тұрлашов пенА.Байжановқа тұрғын үй салу үшін жеке инвесторлар тарту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жеӊілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын, - деді облыс басшысы.

Оған қоса жиын барысында полиция қызметініӊ жұмысын жетілдіру, медицина саласын цифрландыру, бюджеттік қызметкерлердіӊ жалақысыныӊ өсуіне байланысты қажетті қаржыны 2019 жылдыӊ бюджетінде қарастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен табиғи монополиялар қызметтері үшін тарифтердіӊ белгіленуі мен жиналған қаржыны жұмсаудыӊ ашықтығын қамтамасыз ету, туризмді дамыту бойынша арнайы ұйым құру туралы ұсыныс енгізу, бір ай мерзімінде мемлекеттік аппаратта оӊтайландыру жүргізіп, келесі жылдыӊ басынан еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа моделін енгізу, облыс экономикасына инвесторлар тарту, "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" бағдарламаларын іске асыру мерзімініӊ 2025 жылға дейін ұзартылуына орай елді мекендердіӊ перспективалық даму жоспарларын ескере отырып, қосымша инфрақұрылымдық жобалар тізбесін құру жүктелді. Сонымен қатар келесі жылдыӊ Жастар жылы болып жариялануына және "Ауыл - Ел бесігі" арнайы жобасыныӊ іске қосылуына байланысты да міндеттер айқындалды.

- Жолдауды халық арасында түсіндіру өӊірде құрылған ақпараттық насихат топтарыныӊ жұмысы болса, нақты іске асыру - жергілікті атқарушы органдардыӊ міндеті. Сондықтан облыста дайындалған жоспардыӊ әр тармағы бойынша тиісті аймақтар мен салалар басшылары тыӊғылықты жұмыс атқаруы тиіс және бұл үшін әр басшы дербес жауап береді, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны