06.05.2010, 11:00 2970

Алматы облысындағы аласа таулы аймақтарда лай көшкін түсуі, ал елдің шығысы мен оңтүстігінде қар көшкіндері түсуі мүмкін

Алматы облысындағы аласа таулы аймақтарда лай көшкін түсуі, ал елдің шығысы мен оңтүстігінде қар көшкіндері түсуі мүмкін

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы аласа таулы аймақтарда лай көшкін түсуі, ал елдің шығысы мен оңтүстігінде қар көшкіндері түсуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазселденқорғау" МБ ескертуінде атап көрсетілгендей, "Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 2500 метр шамасындағы, ал Шығыс Қазақстан облысында 1500 метр биіктік аймағында қар көшкіні түсу қаупі сақталады. Қар көшкіні түсуіне себепкер болу мүмкіндігі болуға байланысты қарлы әрі жарлауыт тау баурайларына бармауға нұсқау беріледі.

Сондай-ақ, Алматы облысындағы аласа таулы аймақтарда баурайлардағы ылғалдылықтың жоғары болуына байланысты лай көшкін түсу мүмкіндігі зор.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі ауытқиды. Шығыс Қазақстан облысындағы жекелеген өзендерде жаңбыр жауады деп болжануға байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны