11.01.2019, 16:18 10335

Алматы облысындағы Іле-Балқаш өӊіріне Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген бұқар бұғылары қайта оралды

ХХ ғасырдыӊ алғашқы жартысында бұл түр Іле-Балқаш өӊірініӊ фаунасынан және тұтастай алғанда Қазақстанда тікелей қырып-жою нәтижесінде жойылып кеткен болатын

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Тура Жаӊа жыл қарсаӊында, 2018 жылғы 28 желтоқсанда ғажап оқиға болды: Сырдария-Түркістан мемлекеттік өӊірлік табиғи паркінен Іле-Балқаш резерватына 5 дана "жаӊа жылдық" бұқар бұғыларыныӊ алғашқы тобы әкелінді.

Бұқар бұғылары (Cervuselaphusbactrianus) - бұл бұғылардыӊ тоғайлы қуаӊ аймақтарда тіршілік етуге бейімделген бірегей түрі.

ХХ ғасырдыӊ алғашқы жартысында бұл түр Іле-Балқаш өӊірініӊ фаунасынан және тұтастай алғанда Қазақстанда тікелей қырып-жою нәтижесінде жойылып кеткен болатын, дейтұрғанмен бұған адамныӊ шаруашылық жүргізуі, тоғай ағаштарын түбімен қазу мен қамыс-құрақтарды өртеу, жағалаулық жерлерді жырту мен шөбін шабу, өзен ағыстарын реттеу, малды шексіз жаю салдарынан олардыӊ тіршілік мекенініӊ құлазуы да себеп болды.

Бүгінде бұқар бұғылары Халықаралық қызыл кітапқа және Қазақстан Республикасыныӊ қызыл кітабына енгізілген.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорыныӊ (WWF) қолдауыменІле-Балқаш аймағында іске асырылып жатқан Қазақстанға жолбарыстардыӊ қайтып оралуы жөніндегі бағдарламаныӊ маӊызды баптарыныӊ бірі - бұл тұяқты жануарлардыӊ (жабайы қабан, бұқар бұғысы және т.б.) санын қалпына келтіру және көбейту. 2018 жылдыӊ қараша айында резерваттыӊ аумағында бейімдегіш вольер салынды және осы қайта оралған 5 бұқар бұғылары (3 аналығы мен 2 аталығы) қазір соған орналастырылды.

Бұғыларды Іле-Балқаш резерватына әкелу бойынша өткізілген табысты операция Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігініӊ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті мен жұмысты жалпы ұйымдастыруға және жануарлардыӊ қозғалыссыз қалуы жөніндегі жоғары сыныпты сарапшыны тартуға жауапты WWF (Дүниежүзілік жабайы табиғат қорыныӊ); бұғыларды берген Сырдария-Түркістан мемлекеттік өӊірлік табиғи паркініӊ; жануарларды тасымалдауға көмек көрсеткен - "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК және бұғыларды тасымалдауға арналған арнайы торларды берген - Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қазақстандық ассоциацияныӊ (АСБК) қатысуымен жасалды;

Іле-Балқаш өӊірінде бұқар бұғыларыныӊ популяциясын қалпына келтіруге бастау жасалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны