19.08.2018, 13:24 5088

Алматы облысындағы "JetisyStyle" жастар фестивалінде тоқымадан әлемдік рекордты жаӊартқан жас марапатталды

"Jetisy Style" жастар фестивалініӊ аясында ілмекпен тоқыма тоқу ісініӊ шебері Нұрлан Жартыбеков тоқымадан әлемдік рекорд орната алды. Ол Қапшағай қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында тоқыма сабағынан тәлім береді.

Талдықорған. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Талдықорғанда биылғы жаздыӊ еӊ маӊызды шарасыныӊ бірі - "Jetisy Style" жастар фестивалі өтті.

Қаратал жағалауына облыстыӊ түкпір-түкпірінен фестивальға қатысу үшін 200-дей талантты жас жиналды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шараныӊ мақсаты - жастардыӊ шығармашылық әлеуетін арттырып, талант көзін ашу.

Жетісу жастарыныӊ ауқымды шарасын облыс әкімі А. Баталов та тамашалады. Шараны облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма мен жастар ресурстар орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Қаратал жағалауына кіреберісте келушілерді оркестр қарсы алды. Қалалар мен аудандардан жиналған 100 домбырашы белгілі қазақ күйшілерініӊ күйлерін орындады. Сондай-ақ мереке аясында поэзия кеші ұйымдастырылып, "newzhetisy" конкурсыныӊ үздік фотосуреттері, робототехника көрмелері мен ағаш ою өнерініӊ үздік үлгілері ұсынылды.

Қалалықтар мен қала қонақтары қолөнершілердіӊ "Jetisy: Hand made"сауда көрмесінен қалаған бұйымдарын сатып алуға мүмкіндік алды.

"Jetisy Style" жастар фестивалініӊ аясында ілмекпен тоқыма тоқу ісініӊ шебері Нұрлан Жартыбеков тоқымадан әлемдік рекорд орната алды. Ол Қапшағай қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында тоқыма сабағынан тәлім береді.

Нұрлан өзініӊ алғашқы рекордын биылғы жылдыӊ басында жасады. Ол көзін жұмып тұрып бір минутта 56 ілмекті байланыстырып үлгерген. Нұрлан Жастарға қызмет көрсету орталығында тоқымаға кірісіп, 72 сағаттыӊ ішінде демалмастан, ұйықтамастан 35 метр жүн шарф тоқыды. Бұл - тоқымадан әлем тарихындағы жаӊа рекорд. Рекордшы Нұрлан Жартыбековті облыс әкімі А. Баталов дипломмен және "Jetisy Style" жастар фестивалі атауы жазылған арнайы статуэткамен марапаттады.

Спорттық жарыстардыӊ да көрігі қызды: көше гимнасттары Street Workout алаӊында көрермендерге өз шеберліктерін көрсетсе, скейттер мен роликтерді жақсы көретіндер үшін арнайы алаӊдарда жарыстар ұйымдастырылды, Сонымен қатар фестиваль қатысушылары мен қонақтары киберспорт аренасында өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жалпы фестивальды ұйымдастырушылар жағалаудыӊ әрбір шаршы метр алаӊын тиімді пайдалануды толықтай ойластырған.

Қаратал жағалауында 12 қанатты киіз үй тігілді. Киіз үй жабдықтары М. Тынышбаев атындағы өлкетану музейі жәдігерлерініӊ арқасында қазақ мәдениетін толықтай көрсете алды. Интерьерлер символикалық және тарихи маӊызда ұсынылды.Киіз үйде фестиваль қонақтары мен қатысушыларын арнайы гид күтіп алды. Мұнда қонақтар қымыз, шұбат және басқа да сүт тағамдарыныӊ дәмін татып көрді. Этноауыл аумағында жастар үшін алтыбақан орнатылды. Келушілераӊға салатын қыран бүркіттер мен жүйрік иттерді де тамашалады.Қысқаша айтқанда, фестивальға келгендер қазақтыӊ этникалық ерекшелігін сезініп, бабалар дәстүрін санасында тағы бір жаӊғыртты.

Фестиваль аясында көӊіл көтеру шаралары да қарастырылды. Жастар караокемен ән салып, арбуз party шарасына қатысты, балалар "Армандар тақтасына" армандарын жазып, асфальтқа сурет салды.

Шарада оншақты аниматор мен төрт косплей балалардыӊ көӊілін көтерді. Одан бөлек жағалауда Сібірдіӊ Алтын циркінен келген әртістердіӊ ойыны қабаттаса жүріп жатты. Шоу бағдарламада Ара тотықұсы, хорек- экстримал, өзен маймылы, иттер,әуе гимнасттары, сайқымазақтар және т.б. өз өнерлерін паш етті.

Шара жастар арасында хит-әнге айналған "Самая вышка" әнін орындаушылар Raim&Artur дуэті және басқа да өнерпаздар қатысқан концертпен жалғасып, отшашумен түйінделді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны