21.06.2007, 15:37 2765

Алматы облысындағы кришнаиттердің үйін бұзу Қазақстанның беделіне нұқсан келтіреді - құқық қорғаушы

АЛМАТЫ. 21 - маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысының Қарасай ауданы басшылары кришнаиттердің үйлерін бұзумен Қазақстанның беделіне нұқсан келтіреді. Мұндай пікірін бүгін Алматыдағы баспасөз мәслихатында Қазақстанның адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис мәлім етті.

"Бізде Қарасай ауданының әкімі қазір ешкімге бет қаратпайтын тұлға ғана емес, ешкімге бағынбайтын тұлға болып отыр. Ол мүлдем өз бетінше әрекет етуде. Оны Қазақстанның беделі алаңдатып отырған жоқ, ел беделіне көлеңке түсіретін "Общество сознания Кришны" қоғамына қатысты жағдайға ұқсас оқиға көптен бері болмаған",- деп мәлім етті Евгений Жовтис. "Діни азшылықтың құқығы - бұл ең сезімтал сала және Қазақстан дінаралық төзімділікті насихаттай отырып, бір жылдан бері бұрын негізі қаланған дүниелердің бәрін еппен ғана бұзуда",- деп қосты құқық қорғаушы.

Евгений Жовтис Діни істер жөніндегі комитет өкілдерінің аталмыш дау-жанжалдың "діни негізі жоқ" дегенімен келіспейді. "Ара жігі айқын көрініп тұр, тек қана кришнаиттердің үйлері ғана бұзылуда. Дәл осындай құжаттары бар басқа үйлерді ешкім барып бұзып жатқан жоқ",- деп түсіндірді ол.

"Общество сознания Кришны" діни бірлестігінің президенті Галина Голоус журналистерге саяжай аулын бұзудың схемасын ұсынды, оның сөзін Евгений Жовтис те растап отыр. "Бұл жоспарда кришнаиттерге тиесілі барлық жер телімдері белгіленген, ал ерекше белгілер қанша жер телімінің тәркіленгендігін, тағы қаншасы қалғандығын көрсетіп отыр",- деп түсіндірді ол.

Аталмыш дау-жанжалды шешу жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылатын Евгений Жовтис билік өкілдерінің еш шара қолданбай отырғандығын айтуда. "Онда дәл осы жерді иемденуде айтарлықтай заңсыздық болған жоқ, елімізде рақымшылық туралы және мүлікті заңдастыру туралы заңдар бар, оның үстіне біз бұдан өткен заңсыз салынған немесе заңсыз алынған тұрғын үйлерді заңдастырып жатқандығын көріп отырмыз",- деді ол. "Мен негізінде дау-жанжалдың түп-төркінінде біздің экономикалық дамуымыз бен жердің құнының шарықтауын ескере отырып, жерді алу пиғылы жатыр деп ойлаймын",- деп қосты ол.

Құқық қорғаушылар мен община мүшелері аудан басшылары кешікпей Кришнаның ғибадатханасын бұзуы мүмкін, деген алаңдаушылық танытуда. "Қазір бұл жағдай тығырыққа тіреліп тұр, оны ешкімнің де шешуге ынтасы жоқ. Келесі қадам ғибадатхананы бұзатын бульдозерді әкелу болатын шығар, олай бола қалған күнде өркениетті мемлекет деген Қазақстан туралы түсінік осымен аяқталады",- деп қорытындылады Евгений Жовтис.

Естеріңізге сала кетейік, общинаға қатысты дау-жанжал 2004 жылдан бері жалғасып келеді. 2006 жылдың қарашасында жергілікті билік өкілдері ұйымның 14 үйін, ал 2007 жылдың 15-маусымында тағы 12 үйін бұзған болатын .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны