15.04.2010, 12:32 3074

Алматы облысындағы күн райының мамырға жасалған болжамы

Алматы облысындағы күн райының мамырға жасалған болжамы

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы күн райының мамырға жасалған болжамын Алматы қалалық Гидрометеорологиялық орталығы (Гидрометцентр) келтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Орталықтың хабарламасына сәйкес, "айлық орташа ауаның температурасы Цельсий өлшемі бойынша 16 -19 градус жылы, Алматы облысының солтүстік-шығысында - 12 градус жылы болмақ, бұл норма шамасында". Ал норма 16- 19 градус, ал Алматы облысының солтүстік-шығысында - 12 градус жылылыққа дейін.

"Бірінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 9 - 14 градус жылы, солтүстікте - 4 градус жылы, жалпы 14-19 градусқа дейін жылынады. Күндіз - 22 - 27-ден 27-32 дейін жылы болмақ", -деп хабарлайды орталық.

"Екінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 9- 14 -тен 8-13 градусқа дейін ауытқиды, күндіз - 22 - 27-ден 16-21 градус жылы болмақ", - делінген болжамда.

Алматы қалалық Гидрометеорологиялық орталығының мәліметінше, "үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 3-8- градусқа дейін, күндіз - 16 - 21 градусқа дейін жылы болады, кейін түнде 8-13, күндіз - 21- 26 градусқа дейін жылы болмақ".

Бұл айда жаңбыр норма шамасында болмақ, ал норма - 14-25 миллиметр, тау маңындағы аудандарда - 106 миллиметрге дейін.

"Кей жерлерде жаңбыр жауады, бірінші және үшінші онкүндікте батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді. Айдың аяғында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Айдың ортасында кей жерлерде шаңды боран соғып, батыстан соққан желдің аяғы жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейінгі солтүстік-шығыс желіне айналады ", - деп хабарлайды орталық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны