30.07.2008, 15:18 2843

Алматы облысының әкімдігіне "Общество сознания Кришны" қоғамының мүшелерімен арадағы жер дауын реттеуге шара қолдануға нұсқау берілді

Алматы облысының әкімдігіне "Общество сознания Кришны" қоғамының мүшелерімен арадағы жер дауын реттеуге шара қолдануға нұсқау берілді

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес Алматы облысының әкімдігіне "Общество сознания Кришны" қоғамының мүшелерімен арадағы жер дауын реттеуге шара қолдануға нұсқау берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алматы облысының әкімдігі заңды жолмен Алматы облысының Қарасай ауданы әкімдігі мен "Общество сознания Кришны" діни бірлестігінің мүшелерімен арадағы жер дауын реттеуге қажетті шараларды қолдануға тиіс ", - деді кеңестің отырысында Қазақстан Иділет министрлігінің діндер ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Ардақ Досжан.

Оның айтуынша, "кеңеске екі айдың ішінде қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілуі қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны