08.03.2018, 18:23 5340

Алматы облысыныӊ әкімі 8 Наурызға орай 200 әйел-ананы қабылдады

Алматы облысы әкімініӊ Халықаралық әйелдер күніне орай Салтанат сарайында өткізілген салтанатты қабылдауына облыстыӊ аудан, қалаларында әр салада жемісті еӊбек етіп жүрген, өӊір дамуына үлес қосқан 200 әйел шақырылды

Талдықорған. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімініӊ Халықаралық әйелдер күніне орай Салтанат сарайында өткізілген салтанатты қабылдауына облыстыӊ аудан, қалаларында әр салада жемісті еӊбек етіп жүрген, өӊір дамуына үлес қосқан 200 әйел шақырылды. Облыс басшысы Амандық Баталов жетісулық әйелдерді, атап айтқанда соғыс және еӊбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, қоғам қайраткерлерін және түрлі сала мамандарын көктемгі мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде облыс әкімі А. Баталов:

- Құрметті аналар, аяулы арулар! Ерекше мереке 8 Наурыз қарсаӊында өздеріӊізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Табиғат Ийел-Анаға сұлулық пен ақылды, мейірім мен төзімділікті молынан берген. Осындай ізгі қасиеттеріӊіздіӊ арқасында әрқайсыларыӊыз ошақтыӊ отын маздатып, отбасыныӊ берекесін арттырып, бақытын еселеп отырсыздар. Шаӊырақ жауапкершілігімен қоса, қоғамда да өз үні, өз орны бар мықты маман, іскер азамат ретінде еліміздіӊ өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер. Сіздерге осы орасан еӊбектеріӊіз бен ерік-жігерлеріӊіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Отбасыларыӊызда әрқашан қуаныш, бақыт, ырыс пен ынтымақ орнап, барлық арман-мақсаттарыӊыз орындалсын! - деді.

Мұнан кейін салтанатты жиын марапаттаумен жалғасты. Облыс басшысы көпбалалы аналарды Алтын алқамен, Күміс алқамен наградтап, бірқатар әйел азаматшаларға медицинадағы, білім берудегі, спорттағы, бизнестегі, журналистикадағы және басқа да маӊызды салалардағы жемісті еӊбегі үшін облыс әкімініӊ Құрмет грамотасымен, алғыс хатымен марапаттады.

Өз кезегінде әйелдер көрсетілген қошамет үшін ризашылығын білдірді. Олардыӊ қатарында І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дыӊ проректоры Ләззат Еркінбаева, "Шығыс кен басқармасы" ЖШС-ныӊ директоры Зелина Катранова, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметініӊ бастығы Жанар Амержанова, неміс этномәдени бірлестігініӊ белсендісі, Талғар аудандық мәслихатыныӊ депутаты Светлана Алмабекова, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияныӊ әншісі Исем Сембина да бар. Олар өз сөзінде облыстыӊ дамуын, соныӊ ішінде Талдықорғанныӊ сәулеттік кейпініӊ ерекшелене бастағанын тілге тиек етті.

Кездесу соӊында музыкалық сыйлық ретінде ән шырқалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны