08.05.2018, 21:28 4759

Алматы облысыныӊ әкімі 9 Мамыр - Ұлы Жеӊіс күніне орай ардагерлерді құттықтады және салтанатты қабылдау өткізді

9 мамыр - Жеӊіс күніне облыстық бюджеттен әрбір соғыс ардагеріне 150 мыӊ теӊге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді. Ардагерлерге және басқа да санаттағы азаматтарға шипажайларға тегін емделуге биылғы жылы 187,5 млн. теӊге қаржы бөлінді.Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектерін қосалқы және көмекші құралдармен қамту үшін бюджеттен 2 млрд. 830 млн. теӊге, ал коммуналдық қызметтерге 16 млн. теӊге қаржы қарастырылған.

Талдықорған. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Жеӊіс мерекесі қарсаӊында Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері Ибіш Ошақбайұлы, Алтынай Есболатова, Сәрсенбай Қаӊтарбай ақсақалдыӊ үйлеріне арнайы барды. Ардагерлерді құттықтап, гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар тапсырды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі А. Баталов құттықтауын 96 жастағы Ибіш Ошақбайұлыныӊ шаӊырағынан бастады. Ардагер майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы, Құрмет белгісі ордендерімен, "Германияны жеӊгені үшін", "Сталинградты азат еткені үшін", "Майдандағы ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған. Қариямен әӊгімелескен Амандық Баталов ақсақалға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. Ардагерге арнап қала мектептерініӊ оқушылары Отан, ерлік жайлы өлеӊдер оқыды.

Мұнан соӊ облыс әкімі "Паравоз апа" атанып кеткен Алтынай Есболатованы мерекесімен құттықтауға барды. Матай стансасыныӊ тумасы Алтынай апа соғыс кезінде әскери поезда машинист болған.

Майдандағы жылдарды есіне алған Алтынай апа жеӊіске жеткізген Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен бірлік екенін атап өтті. Бұл құндылықтар әлі де өз бағасын жойған жоқ. Өзін құттықтауға келген оқушыларға қарата да ардагер өз тілегін жеткізді:

- Еӊ бастысы - жақсы оқыӊдар, тәрбиелі болыӊдар, ата-аналарыӊныӊ қуанышы, Отанныӊ тірегі болыӊдар. Білім - барлық игіліктіӊ кілті. Қолда бар нәрсені қадірлей білу керек, бар мүмкіндікті пайдалана білу керек. Балалардыӊ біз көрген қиындықты көрмей, болашақтары жарқын болуын тілеймін! - деді Алтынай апа.

Сөзін жалғастырған ардагер:

- Осы күнге жеткеніме шүкіршілік етемін. Қазір халық бейбітшілік пен тыныштықта жақсы өмір сүріп жатыр, киімі көк, қарны тоқ. Сондықтан Елбасымызға ризамын. Барлығыӊа зор денсаулық тілеймін, - деді.

Бұдан әрі құттықтау Сәрсенбай Қаӊтарбай ақсақалдыӊ үйінде жалғасты. Майдан даласындағы ерлігі ескеріліп, Сәрсенбай қарияға І және ІІ дәрежелі Ұла Отан соғысы ордендері, "Ерлігі үшін" медалі және басқа да наградалар берілген. Сонымен қатар ардагер бейбіт өмірдегі еселі еӊбегі үшін де бірқатар марапаттарға ие болған.

- Сізді Жеӊіс күнімен құттықтап, өзіӊізге, жақындарыӊызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Біз әрқашан ардагерлерге қамқорлық көрсетіп, қолдап отырамыз. Бұл - Президентіміздіӊ мемлекеттік саясатындағы басым бағыттарыныӊ бірі, - деді А. Баталов.

Өз кезегінде Сәрсенбай ақсақал да ризашылығын жеткізіп, баршаға бейбіт те берекелі өмір тіледі.

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов сондай-ақ 9 Мамыр - Ұлы Жеӊіс күніне орай соғыс және еӊбек ардагерлері үшін салтанатты қабылдау өткізді. Оған 200 ардагер шақырылды. Құрметті қонақтардыТалдықорған әскери гарнизоны оркестрініӊ әскери маршымен қарсы алып, оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Фойеде ардагерлерге арналған фотостудия ұйымдастырылды.

Кездесу Жеӊіске арналған деректі фильм көрсетуден басталды. Ардагерлерді құттықтаған облыс әкімі А. Баталов майдангерлер мен тыл еӊбеккерлерініӊ бүгінгі бейбіт өмірге жету жолындағы үлкен үлесін ерекше атап өтті.

- Құрметті ардагерлер! Баршаӊызды алда келе жатқан Ұлы Жеӊіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердіӊ денсаулықтарыӊыз бен тұрмыстарыӊызға қамқорлық көрсету - Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ алдымызға қойған міндеттерініӊ бірі. Денсаулықтарыӊыз күтімде, ғұмырларыӊыз игілікті болуы үшін, аман-есен ортамызда жүріп, елдіӊ өсіп-өркендегеніне куә болуларыӊыз үшін біз барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Еліміздіӊ бүгінгідей жетістіктерге жетуіне сіздердіӊ қосқан үлестеріӊіз зор. Облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын сырттай бақылап, қажет жерінде ақыл қосып, үнемі қолдап отырасыздар, сол үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық тілеймін, 100 жаспен шектелмей одан да ұзақ ғұмыр кешіӊіздер, - деді А. Баталов.

Өз кезегінде ардагерлер - Еӊбекшіқазақ ауданынан Солтанбай Жарықбасов, Сарқан ауданынан Берлібек Ысқақов, тыл еӊбеккері, Балқаш ауданынан Бейсенбек Төстікбаев сөз алып, қатарластарына ізгі тілектерін жеткізсе, соғыс ардагері Сәрсенбай Қаӊтарбай ақсақал көпшілікке бата берді.

Мерекелік шара концерттік бағдараламамен жалғасты.

Жалпы бүгінде Жетісу жерінде 138 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері, 12 мыӊға жуық тыл еӊбеккері бар.9 мамыр - Жеӊіс күніне облыстық бюджеттен әрбір соғыс ардагеріне 150 мыӊ теӊге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді. Ардагерлерге және басқа да санаттағы азаматтарға шипажайларға тегін емделуге биылғы жылы 187,5 млн. теӊге қаржы бөлінді.Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектерін қосалқы және көмекші құралдармен қамту үшін бюджеттен 2 млрд. 830 млн. теӊге, ал коммуналдық қызметтерге 16 млн. теӊге қаржы қарастырылған.

Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны