30.10.2017, 16:28 4622

Алматы облысыныӊ әкімі ардагерлерді қабылдады

Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Ардагерлер ұйымыныӊ 30 жылдығына орай өӊір ардагерлері үшін салтанатты қабылдау өткізді

Талдықорған. 30 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Ардагерлер ұйымыныӊ 30 жылдығына орай өӊір ардагерлері үшін салтанатты қабылдау өткізді. Кездесуде облыс басшысы мен қариялар пікір алмасып, кеӊінен әӊгімелесті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ардагерлерге алдымен облыстыӊ 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған облыс басшысы алдағы жоспарлар жайында да айтып өтті.

- Біз өткен 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жасадық. Көрсеткіштеріміз жаман емес. Өӊірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ алдымызға қойған міндеттері негізінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жақын күндері Ақсу қант зауытын іске қосамыз. Бүгінгі күні зауыт қызылшаны өӊдеуге қабылдап жатыр. Жаӊғырту жасалған Көксу қант зауыты да қазір толыққанды жұмыс істеп тұр. Оған соӊғы 3 жылда инвесторлар 3 млрд. теӊгеге жуық қаржы құйды. Маусымаралық кезеӊде оған қоса Қарабұлақ қант зауыты да жұмыс жасаса, облыста тұрақты қант кластері құрылып, халықты қантпен қаматамасыз етуге ықпал етер еді, - деді А. Баталов.

Облыс басшысы мұнан соӊ шекаралық аймақтардыӊ жағдайына, "Нұрлы жер", "Нұрлы жол" бағдарламаларыныӊ орындалу барысына да тоқталып өтті. А. Баталов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы балаларды балабақшамен қамту деӊгейі жыл соӊына дейін 95 % жететінін де айтты. Сол сияқты халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға, облыстық маӊыздағы, ауылішілік жолдарға да да көӊіл бөлініп отырғаны тілге тиек етілді.

Өз кезегінде ардагерлер облыс дамуы, соныӊ ішінде Ақсу қант зауытыныӊ іске қосылуы ерекше қуантқанына атап өтті.

- Ауданымыздыӊ тұрғындары 10 жылдан бері тоқтап тұрған Ақсу қант зауытыныӊ қайта іске кіріскеніне аса қуанышты. Бұл - үлкен жетістік, - деді Ақсу аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Амангелді Айтбаев.

"Дала аруы" атанған жүгері дақылын өсірудіӊ ілгерілеуіне Социалистік Еӊбек Ері Құрметті азаматы, Алматы облысыныӊ Күләш Айтжанова ризашылығын білдірді.

- Жүгері - қашаннан облысымыздыӊ басым бағыттағы дақылдарыныӊ бірі. Қазір зауытымыз толыққанды жұмыс істеп тұр. Енді тұқымныӊ гибридімен, өзіміздіӊ тұқымдық қорымызды қалыптастыруға жұмыс істеуіміз керек, - деп атап өтті К.Айтжанова.

Айтылған ұсыныс-пікірлерге ризашылығын білдірген облыс басшысы алдағы уақытта тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған арнайы зертхана ашылатынын айтты. Бұл бағытта қазір жұмыстар жүріп жатыр.

"Тақиялы періште - 2" фильмініӊ Талдықорғанда тұсаукесерін өткізу туралы айтқанМәдениет саласыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, белгілі актер Илімғазы Райымбековтіӊ ұсынысыәкім тарапынан қолдау тапты.

Кездесу соӊында ардагерлер облыстыӊ дамуына және "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға, жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

Мұнан соӊ Амандық Баталов ардагерлермен бірге облыстыӊ Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Бәтима Сақауованыӊ үйіне барып, ұйымныӊ 30 жылдығымен құттықтап қайтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны